Мәсіхшілік сенім негіздері
Мәсіхшілік сенім негіздері
Audio Course Purchase

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Мәсіхшілік сенім негіздері

Lead Writer: Stephen Gibson

Course Description

Бұл курс – жүйелі теологияны, сондай-ақ Киелі кітапқа, Құдайға, адамға, күнәға, Мәсіхке, құтқарылуға, Киелі Рухқа, қауымға және соңғы уақытқа қатысты мәсіхшілік ілімдерді ұсынады.

Introduction

Курстың сипаттамасы

Бұл курс – Құдай, Мәсіх, күнә, құтқарылу және басқа да маңызды сұрақтардағы мәсіхшілік теологияның негізгі ілімдеріне түсінік береді. Студент қалай ілімдік қателіктерді жібермеу керектігін үйренеді және басқаларға мәсіхшілік ілімдерді үйрететін білім алады.

Курстың мақсаттары

(1) Мәсіхшілік сенімнің негізгі ілімдерін үйрету.

(2) Киелі кітапты ілімдердің сенімді дереккөзі, әрі беделі ретінде дұрыс қолдану.

(3) Ілімдердегі маңызды қателіктерді анықтау.

(4) Құдаймен қарым-қатынасты тереңдетуге көмектесетін түсінік беру.

(5) Басқаларға нені және қалай үйрету керектігі туралы білім беру.

Топ жетекшілеріне арналған нұсқаулар

Бұл нұсқаулар осы курсты қалай жоғары деңгейде оқытуға болатынын сипаттайды. Топ жетекшісі Дүниежүзілік Бағушылар Дәрісханасының сертификатын алғысы келетін студенттер үшін осы стандартты ұстануы керек. Жетекші осы талаптарды орындай алмайтын басқа топтар үшін талаптарды олардың мүмкіндіктеріне бейімдеп, басқа сертификат бере алады.

Біздің есептеуіміз бойынша әр сабақ 90 минут немесе одан да көп уақытты алады. Сондықтан әр сабақты өту үшін топ екі реттен кездессе, тиімдірек болады. Егер топ екі реттен кездесетін болса, онда кейбір нұсқаулықтарды бейімдеу қажет. Мысалы, тест тек бір рет өткізіледі.

Әрбір студентке тест сұрақтарының жауаптары бар беттен басқа, сабақтарға арналған материалдардың толық көшірмесі қажет.

Сабақтың басында алдыңғы сабақ бойынша тест өткізіңіз. Әр студент жауаптарды өзі, есте сақтау қабілеті бойынша жазуы керек. Егер студент тестті тапсыра алмаса, сіз оған басқа уақытта қайта тапсыруға рұқсат ете аласыз. (Сабақтың осы кезеңінің ұзақтығы – 10 минут.)

Тесттен кейін қайталау сұрақтары ретінде алдыңғы сабақтағы мақсаттар тізімін қолданыңыз. Әр мақсат бойынша сұрақ қойыңыз және студенттерге өз ойларымен бөлісуге мүмкіндік беріңіз. (Шамамен 15 минут.)

Жаңа сабақты студенттердің бірінен сабақта көрсетілген үзіндіні оқып шығуды сұрау арқылы бастаңыз. Студенттердің үзінді осы сабақтың тақырыбы жайлы не айтатыны туралы қысқаша талқылау жүргізулеріне мүмкіндік беріңіз. (Шамамен 10 минут.)

Сабақ материалын әр бөлімді оқып, түсіндіріп өткізіңіз. Топтың кейбір мүшелері кей бөлімдерді дайындауға және үйретуге қабілетті болуы мүмкін. (Шамамен 45 минут.)

Курста көптеген Жазбалар қолданылады. «Оқыңыздар» деген сөзден басталатын Жазбаларға арналған сілтемелерді сабақта дауыстап оқу керек. Ал басқа сілтемелер мәтіндегі мәлімдемелерге қосымша ретінде берілген. Бұл үзінділерді сабақта іздеудің немесе оқудың қажеті жоқ.

«►» – нышаны талқыланатын сұрақты көрсетеді. Сұрақ кейде жаңа бөлімге кіріспе болады, ал кейде өткен материалды қайталау ретінде қолданылады. Егер сұрақ тақырыпқа кіріспе болса, жауапты толығымен түсіндірудің қажеті жоқ.

Топ сабақтың соңында «Сенімнің ұстанымын» екі рет бірге оқуы керек.

Сабақтың соңында әр студентке тізімнен Киелі жазбадағы үзінді ұсынылуы керек. Студенттер үзіндіні оқып, осы үзінді сабақтың тақырыбы жайлы не айтатыны туралы қысқаша мәтін жазулары тиіс. Олар бұл жұмысты келесі сабақта жетекшіге көрсетулері қажет.

Студент осы курсты өту кезінде кем дегенде жеті рет курсқа қатыспайтын адамдарға осы сабақты немесе сабақтың бір бөлігін үйретуі керек. Бұл сабақ қауым тобында, үй тобының кездесуінде немесе басқа ортада өтілуі мүмкін. Әр сабақтың соңында студенттерге осы тапсырма туралы ескертіңіз және егер олар өткен сабақ бойынша сабақ өткізсе, есеп беруге мүмкіндік беріңіз.

Сабақтың соңында студенттерге келесі сабақтың материалын, ол басталғанға дейін оқып шығулары керек екендерін ескертіңіз. (Хабарландырулар мен тапсырмалардың шамамен уақыты – 10 минут).

Студенттердің сабаққа қатысуларын, тест нәтижелерін, курстан тыс сабақтарды өткізулері мен жазбаша тапсырмаларды орындауларын есепке алу қажет. Егер студент сабақты өткізіп алса, ол өтпеген сабақтың материалын оқып, тест жазып, жазбаша тапсырманы орындауы керек.

Студенттерге арналған нұсқаулар

Талқылауға ашық қатыса алу үшін, әр сабақтың материалын сабақ басталмас бұрын оқып шығыңыз.

Әр сабақтың басында, алдыңғы сабақ бойынша тест тапсыруға дайын болыңыз. Тестке – берілген сұрақтар бойынша материалды зерттеп дайындалыңыз.

Материалға жеке жазбаларыңызды енгізе алу үшін, әрқашан өзіңізбен бірге Киелі кітапты, сабақтың басылған көшірмесін және қалам алып келіңіз.

Киелі кітаптағы сілтемелерді ашуға, пікірталастардағы сұрақтарға жауап беруге және жетекшінің талаптарына сәйкес сабаққа қатысуға дайын болыңыз.

Сабақтың соңында сізге Киелі жазбадан үзінді беріледі. Келесі сабаққа дейін үзіндіні оқып, осы үзінді сабақтың тақырыбы жайлы не айтатыны туралы ойларыңызды мазмұндаңыз. Орындалған тапсырманы жетекшіге көрсетіңіз.

Осы курсты өту барысында, кем дегенде жеті рет, сіз осы курсқа қатыспайтын адамдарға сабақ немесе сабақтың бір бөлігін үйретуіңіз керек. Сіз сабақты қауым тобында, үй тобының кездесуінде немесе басқа ортада өткізе аласыз. Курстан тыс уақытта сабақ берген сайын, жетекшіңізге есеп беріңіз.

Ready to Start Learning?

Select a lesson from the sidebar to begin your journey through this course.