Search Course
Search through all lessons and sections in this course
Searching...
No results found
No matches for ""
Try different keywords or check your spelling
Ізгі Хабар Тарату Және Шәкірттік
Course Description
Бұл курста – Ізгі хабар әдістерін басшылыққа алатын мәсіхшілік қағидалар ұсынылған. Сонымен қатар Ізгі хабардың формалары сипатталған және жаңадан сенімге келген сенушілермен шәкірттікпен айналысу үшін қолдануға болатын сабақтар берілген.
Introduction
Курсттың сипаттамасы
Бұл курс қауымға өз миссиясын орындауға көмектесетін құрал болып табылады.
Курс Ізгі хабар қауымның миссиясы екенін және Ізгі хабар қауымдар құратынын көрсете отырып, жергілікті қауымның негізгі рөлін көрсетеді.
Ізгі хабардың негіздерін түсіндіре отырып, ол күнәкарды шынайы сенімге және мәсіхшілік өмірге әкелмейтін заманауи әдістердің қателерін түзейді.
Студент өз қызметін дамытуға қажеттінің бәрімен жабдықталады.
Курс сабақтарының көпшілігін әртүрлі топтарға арналған толық тақырыптар ретінде оқытуға болады. Мысалы, сабақты Ізгі хабармен бөлісу әдісін үйрету үшін пайдалануға болады.
Бұл курста студенттер шәкірт тәрбиелеуді үйренеді. Shepherds Global Classroom жаңа сенушілер үшін арнайы шәкірт тәрбиелеу ресурсын шығарды. Шәкірт тәрбиелеу сабақтарын, Cultivate Discipleship Lessons, shepherdsglobal.com сайтынан жүктеп алуға болады. Cultivate Discipleship Lessons-тағы 26 сабақтың әрқайсысы мұғалімге арналған нұсқаулық пен студентке арналған беттерді қамтиды.
Курсттың мақсаттары
(1) Ізгі хабардың маңыздылығын қауымның болмысы мен мақсаты тұрғысынан түсіндіру
(2) Ізгі хабардың негізгі ілімдерін қарастыру
(3) Сенушілерді Ізгі хабар айтудың практикалық әдістеріне үйрету
(4) Шәкірт дайындаудағы қауымның жауапкершілігін түсінудің маңыздылығын жеткізу
(5) Шәкірттіктің мақсаттарын анықтау және сипаттау
(6) Шәкірт тәрбиелеу үшін шағын топты басқарудың практикалық әдістерін үйрену
(7) Жаңа сенушілерді шәкірт тәрбиелеуде қолданылатын сабақтар топтамасымен қамтамасыз ету
Топ жетекшілеріне түсініктемелер мен нұсқаулар
Бүкіл курс бойынша топ жетекшілеріне арналған ескертпелер сабақтардың белгілі бір бөліктеріне арналған нұсқаулармен бірге берілген. Олар курсивпен жазылған.
► таңбасы талқылау сұрағының алдында келеді. Топ жетекшісі сұрақ қойып, студенттерге жауапты талқылауға уақыт беруі керек. Талқылауда сұраққа мұқият жауап беру міндетті емес. Сабақ материалы сұраққа жауап береді. Егер бір студент әдетте бірінші болып жауап берсе немесе кейбір студенттер үндемесе, жетекші сұрақты біреуге бағыттай алады: «Болат , бұл сұраққа сен қалай жауап берер едің?»
Әр сабақ тапсырмалармен аяқталады. Тапсырмалар келесі сабақ уақытына дейін орындалып, хабарлануы керек. Егер студент тапсырманы орындамаса, оны кейінірек орындай алады. Дегенмен, жетекші студенттерді тапсырмаларды уақытылы орындап отыруға ынталандыруы керек.
Студенттер бірнеше түрдегі жазбаша тапсырмаларды орындайды. Әр сабақтың басында топ жетекшісі өткен сабақтың жазбаша тапсырмаларын жинауы керек. (Тапсырмалардың екеуін (6-сабақ, 1-тапсырма және 14-сабақ, 1-тапсырма) тапсырудың қажеті жоқ, тек есеп беру керек.)
Студенттер сонымен қатар сабақта үйренген әдістерді қолданып, адамдарға Ізгі хабар айтады. Әрбір презентациядан кейін олар өздерінің тәжірибелері туралы жазып, презентациялардың қалай өткені туралы топпен бөліседі. Олар ересектерге Ізгі хабар уағызын, ал балаларға сабақ дайындайды. Бұл курста 5 және 10-сабақтарға арналған екі тест бар. Студенттер материалға қарамай және бір-бірімен сөйлеспей жауаптарын жазуы керек. Топ жетекшісіне дайындалған жауап кілті жоқ, өйткені барлық жауаптарды сабақ мәтінінен оңай табуға болады.
13-сабақ Ізгі хабар кітапшасын таратуға арналған нұсқауларды қамтиды. Студенттер тарату үшін кітапшаларды қайдан алуға болатынын білуі керек. Мүмкін болса, осы сабаққа кітапшаларды әкеліңіз.
Егер студент Shepherds Global Classroom сертификатын алғысы келсе, ол сынып сессияларына қатысып, тапсырмаларды орындауы керек. Курстың соңында орындалған тапсырмаларды жазуға арналған бет беріледі.
Ready to Start Learning?
Select a lesson from the sidebar to begin your journey through this course.