Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Audio Course Purchase

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Қауымның ілімдері мен тәжірибелері

Author: Stephen Gibson

Course Description

Бұл курс – Құдайдың қауымға деген үлгісі мен жоспарын түсіндіреді; ол қауымдағы мүшелік, шомылдыру рәсімі, нан үзу рәсімі, ондық беру және рухани жетекшілік сияқты маңызды мәсіхшілік мәселелерді қарастырады.

Introduction

Курстың сипаттамасы

Бұл курс – қауымның Киелі кітаптық түсінігін Құдайдың жердегі негізгі жұмысы ретінде ашады. Студент қауымның бірлігі, қауымдағы мүшелік, қарым-қатынас, қауымды қаржылық қолдау, ондық беру, шомылдыру рәсімі, нан үзу рәсімі, қауымдағы тәртіп және жетілген қауымдастықтың белгілері туралы түсінік алады. Курс – қауымның өмірі мен жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ олардың тәжірибелік қолданылуын түсіндіреді.

Курстың мақсаттары

1.  Қауымның мәнін және оның Киелі кітаптық сипаттамаларын түсіндіру.

2.  Студенттерге Құдайдың қауымға деген жоспары мен ондағы еңбегін көруге көмектесу.

3.  Қауым мүшелері мен оның жетекшілерінің міндеттерін түсіндіру.

4.  Жергілікті қауымдастықты қаржылық қолдау, басқару және дамыту қағидаларын қолдануға үйрету.

5.  Студенттерді қауым туралы білімдерімен ары қарай бөлісе алулары үшін мағлұматтармен қамтамасыз ету.

Жетекшіге арналған нұсқаулық

Әр сабаққа арналған нұсқаулар сабақ мәтінінде көлбеумен (көлбеумен) белгіленген.

«►» нышаны талқыланатын сұрақтың алдында кездеседі. Жетекші студенттерге сұрақ қойып, талқылау жүргізуге уақыт бөлуі керек. Егер бір ғана студент әрқашан бірінші болып жауап беріп, ал қалғандары үнсіз отыратын болса немесе талқылауға қатыспаса, жетекші жеке бір студентке: «Серік, сіз бұл сұраққа қалай жауап бересіз?» – деп сұрақ қоя алады.

Курста Киелі кітаптан көптеген үзінділер қолданылады. Жазбадағы үзіндімен бүкіл топ танысуы қажет болған кезде, мысалы: «студенттердің кез-келгеніне дауыстап Римдіктерге 6-тарауды оқуды тапсырыңыз» деп көрсетілетін болады. Басқа жағдайларда мәтіндегі мәлімдемені растау үшін; Киелі кітаптағы үзінділер жақшада, мысалы: (Қорынттықтарға 1-хат, 12:15) деп көрсетіледі. Осындай жақшадағы үзінділердің барлығын оқу міндетті емес.

Әр сабақта әйгілі теологтардың дәйексөздері бар кем дегенде екі блок бар. Жетекші студенттердің бірінен сабақ материалында көрсетілген мәлімдемені оқып, түсіндіріп беруін сұрай алады.

Бір сабақтан басқаның барлығы Жеті қорытынды ұстаныммен аяқталады. Сабақтың мақсаты – студенттің осы ойларды түсінуі. Студенттер бұл ұстанымдарды оқып, есте сақтауы керек. Студенттер ұстанымның әрқайсысына бір түсініктеме жазып, келесі сабақтың басында жазған түсініктемелерді жетекшіге тапсыруы керек (барлығы жеті абзац). Әрбір ұстанымды студент мәні мен маңыздылығын тақырыппен таныс емес адамдарға түсіндіре алатындай етіп жеткізуі керек. Келесі сабақтың басында жетекші бірнеше студенттер белгілі бір пункттер бойынша орындалған тапсырмалардың нұсқаларымен бүкіл топпен бөлісуге шақыруы керек.

Сонымен қатар келесі сабақтың басында студенттер білімдерін жазбаша тексеру ретінде есте сақтау қабілеті бойынша, Жеті қорытынды ұстанымды жазу керек. Жетекші студенттердің жазбаша жазбаларға қарамауын немесе тестте бір-біріне көмектеспеуін қадағалауы керек. Егер студент тестті жаза алмаса, оны кейінірек қайталап көруді жоспарлауға болады.

Курстың мақсаттарының бірі – студенттерді өз бетінше оқытуға дайындау. Сондықтан жетекші студенттердің оқыту қабілеттерін дамыту үшін мүмкіндіктер жасауы керек. Мысалы, кейде топқа сабақтың кез-келген бөлімін үйретуге мүмкіндік беруі керек.

Ескерту: студент топтан тыс адамдарға курс материалдары бойынша үш сабақ өткізуді жоспарлауы керек. Бірақ бүкіл сабақты өткізу міндетті емес. Бұл тапсырма кестеде көрсетілмеген; студент оны орындауға өзі мүмкіндік табуы керек.

Курс барысында басқа тапсырмалар қамтылады: сұхбаттар, Киелі кітапты зерттеу, жазбаша тапсырмалар немесе тесттер. Кез келген жазбаша тапсырмалар келесі сабақтың басында жетекшіге тапсырылуы керек. Жетекші әрқашан тапсырма бойынша талқылауды жүргізіп, бірнеше оқушыны не үйренгенін не жазғанын бөлісуге шақыруы керек.

Егер студент Дүниежүзілік Бағушылар Дәрісханасының сертификатын алғысы келсе, сабақтарға қатысып, тапсырмаларды орындауы керек. Курстың соңында орындалған тапсырмаларды жазуға арналған форма беріледі.

Ready to Start Learning?

Select a lesson from the sidebar to begin your journey through this course.