Кіріспе
► Біз күнәкарлар үшін дұға етуіміз керек пе? Киелі кітаптың қай жерінде күнәкарлар үшін дұға ету керектігі айтылған?
Киелі кітаптан күнәкарлардың сенімге келуі үшін дұға ету керектігі туралы нақты аят табу оңай емес. Ізгі хабардың тиімді таралуы үшін дұға ету керектігін айтатын көптеген аяттар бар.[1]
Біз Ізгі хабардың сәтті болуы үшін дұға етумен қатар күнәкарлардың сенімге келуі үшін дұға ету керектігін білеміз. Бізге барлығы үшін дұға ету керек, соның ішінде күнәкарлардың сенімге келуі үшін дұға ету керек.[2] Бізге адамдарды тәубеге келтіруге тырысу керектігі айтылған,[3] сондықтан бұл жұмыста Құдайдан көмек сұрап дұға ету орынды болар еді.