Кіріспе
Топ жетекшісіне ескерту: Осы сабақта қарастырылған Жазба үзінділерінен басқа, түсіндірмелерде Жазбаларға көптеген сілтемелер бар. Сабақ барысында олардың барлығын тауып оқуға уақыт жеткіліксіз болуы мүмкін. Жетекші олардың кейбірін оқу үшін таңдай алады.
«Сенімге келу» термині адам құтқарылған кезде болатын өзгерісті білдіреді. Ізгі хабардың мақсаты – күнәкарды сенімге келтіру.
► 1 Салониқалықтарға арналған хаттың 1-тарауын оқыңыз. Салониқалықтар сенімге келген кезде олармен қандай өзгерістер болды?
Адамның неліктен сенімге келу керектігін түсіну үшін және адам сенімге келген кезде не болатынын түсіну үшін күнәкардың сенімге келгенге дейінгі жағдайын түсінуіміз керек.