Қауымның оқыту қызметі
Сенімге келу кезінде өзгеру басталады. Жаңадан тәубе алған адамның жаңа қалаулары мен жаңа басымдықтары пайда болады. Өзгеріс болатыны сонша, Киелі кітап оны «жаңа жаратылыс» деп атайды.[1]
Бірақ кейбір нәрселер уақытты қажет етеді. Жаңадан келген адам мәсіхшілердің қағидаларын өмірінің барлық саласында қалай қолдану керектігін бірден түсінбейді. Ол қағидаларды үйренуі керек, содан кейін оларды қалай қолдану керектігін көруі керек.
Жеке рухани жетілу процесі де жүреді. Жаңадан тәубе алған адам – «Мәсіхтегі сәби».
► Қорынттықтарға 1-хат 3:1—2 оқып шығыңыз. Бұл аяттарда жаңадан тәубе алған адам туралы не айтылған?
► Еврейлерге 5:13—14 оқып шығыңыз. Бұл аяттарда айтылған сүт нені білдіреді? Қатты тағам нені білдіреді? Рухани жетілудің сипаттамасы қандай?
Бұл курстың басында біз Исаның қауымға берген Ұлы аманатын қарастырдық. Оны қайта қарастырайық.
► Матай 28:18—20 оқып шығыңыз. Осы үзіндіде Иса Ізгі хабардан басқа қандай жауапкершілік жүктеді?
Ұлы аманатты қалдырмас бұрын Иса көктегі және жердегі барлық билікке ие екенін айтты. Содан кейін Ол қауымға адамдарды әкеліп, Оның өсиет еткендерін орындауға үйрету міндетін берді.
Иса шәкірттеріне Ізгі хабарды уағыздап қана қоймай, сонымен бірге Ол бұйырғанның бәрін де үйретуді бұйырды. Ізгі хабар тарату – бұл тапсырманың бірінші бөлігі ғана. Жаңадан келгендерді Исаның барлық өсиеттеріне мойынсұнуға үйрету — шәкірт тәрбиелеу процесі. Шәкірттік қызметін орындамау Ұлы аманатты орындамау сияқты ауыр.
Қауымның оқыту қызметі жаңадан келгендерді рухани жетілуге әкелу болып табылады.
Ефестіктерге арналған хатта Құдай жас бала болмайтындай етіп сенушілерді қалыптастыру мақсатында адамдарды арнайы қызметтерге шақыратынын айтады.[2] Олардың рухани кемелденуінің нәтижесі – ілімдегі тұрақтылық.
Бақташы шәкірттікке ерекше жауапты. Пауыл Тімотеге: “Киелі жазбаларды оқып беріп, насихаттап, сенімдерін нығайтып, тәлім берумен айналыса бер”[3] “,— деді. Ол Тімотенің жеке оқуы туралы емес, қызмет туралы айтты. Тімотенің қызметі Жазбаларды оқып, түсіндіруге, рухани басшылық беруге және мәсіхшілік ілімді үйретуге көңіл бөлуі керек еді. Бақташының біліктілігінің бірі қабілетті оқытушы болуы.[4]
Үйрену – рухани қалыптасудың бір бөлігі болғандықтан, оқыту – шәкірт тәрбиелеу ісінің бір бөлігі. Қауымда мұғалімдер маңызды рөл атқарады, сондықтан қауым мұғалімдерді дамыту үшін әрқашан жұмыс істеуі керек.
“Өзің менен естіп, көптеген кісілер растаған шынайы ілімді басқаларға да тәлім беруге қабілеті бар, сенімді жандарға аманатта!”[5] Пауыл бұл нұсқауды тәжірибелі Ізгі хабар таратушы және бақташы ретінде жас қызметші Тімотеге берді. Пауыл сенімнің тек уағыз арқылы берілетініне сенімді емес еді. Белгілі бір адамдар арнайы дайындықтан өтіп, басқаларды үйретуге дайын болуы керек еді. Егер бұл нәрсеге қауымда уағыз айту арқылы жету мүмкін болмаса, онда бұл «сенімді адамдар» жеке немесе шағын топтарда оқытылуы керек еді.
[6]Үйрететін нәрсе көп. Мұның бәрін жасауға қай бақташының уақыты бар, оған қоса бәрі бір уақытта бірдей оқуға дайын емес қой. Бірақ Ефестіктерге 4:11 «Ол бақташыны берді» (тек бір адам және бір ғана рөл) деп айтылмайды. Керісінше, әртүрлі рөлдер мен оларды атқаратын әртүрлі адамдар бар. Құдай мұғалімдерді шақырады, оларға тәлім беруге мүмкіндік береді және оларды қауым арқылы оқыту қызметі үшін жабдықтайды.
- Роберт Колеман, The Master’s Plan