Кіріспе
Эрик өзінің қауымының алғашқы жылдары туралы айтуды ұнатады. “Біз алғашында саябақта жинала бастадық және кездескен адамдардың барлығын шақыра бердік. Суық күндер басталғанда ескі автобуста жиналып жүрдік. Бізде дәретхана болмады. Кейін спорт залда біраз уақыт жиналып, сосын ескі қауымның ғимаратын жалға алдық».
Сол жылдары Эриктің қауымы өсті. Бұл қауымға келген адамдарды ғимарат қызықтырған жоқ. Оларды адамдар қызықтырды.
Бұл сабақта біз қауымды қалай жобалау керектігі туралы айтқанда, ғимарат туралы айтып жатырмыз дегенді білдірмейді. Көптеген ұлы қауымдардың олардың қиын жағдайда қалай бастағаны туралы әңгімелері бар.
Кейбір қауымдар ғимараттары жеткілікті жақсы болмағандықтан адамдарды тарта алмаймыз деп айтады. Шындығында, оларға ғимараттан да маңыздырақ нәрсе жетіспейді.