Қызметтегі көшбасшылық
Қызметтегі көшбасшылық
Audio Course Purchase

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Lesson 6: Мінезге негізделген көшбасшылық

1 min read

by Stephen Gibson


Сенімділіктің күші

Сенімділік – шындыққа деген сенім. Сенімділік - ақиқатқа деген берік сенім. Сенімділік біздің шешімдерімізге басшылық етеді, өйткені адам шындық деп санайтын нәрсеге сай әрекет етеді.

Сенімділік тек діни шындыққа ғана қатысты емес. Егер сатушы өз өнімінің ең жақсы екеніне және оның барлығына қажет екеніне шынымен сенсе, оның сенімділігі бар. Бұл сенімділік оның басқа адамдарға әсер ету мүмкіндігін арттырады.

Бір топ адам шөлдалада адасып қалды. Олар өздерінің жағдайын және содан шығу жолдарын талқылап жатты. Бір адам өз нұсқасын сенімді түрде айтып жатты. Ол сондай-ақ не істеу керектігін білетініне басқаларын сендірді. Ол көшбасшы болды.

Сенімділік қате болуы мүмкін. Адам шындыққа жанаспайтын нәрселерге сенуі мүмкін. Тіпті қате сенімнің өзі басшылыққа белгілі бір мерзімге күш береді. Мысалы, егер адам бір жерге жетудің бағыттарын білетініне сенімді болса, адамдар оның сеніміне байланысты оған еруі мүмкін. Бірақ соңында олардың көңілі қалады және оның ықпалы айтарлықтай төмендейді. Олардың оған қайта еру ықтималдығы аз.

Көшбасшылық сенімге негізделген, өйткені көшбасшы басқаларға шындықты көрсету және сол шындыққа лайықты әрекет ету арқылы басқарады. Ол: «Міне, біз осылай әрекет етуіміз қажет» дейді.

Егер ғимараттың ішіндегі адам ғимараттың өртеніп жатқанын білсе, ол бұл шындықты басқа адамдарға хабарлап, бұл мәселеге жауап беруі керек екенін біледі . Оның қарым-қатынасқа деген сенімі бар. Бұл нәрсеге сенген адамдар, әрекет ете бастайды. Сол адам сол уақыттың көшбасшы болады, өйткені ол бұл шындықты жеткізу арқылы оларға әсер етеді. Егер адамдар оған сенбесе немесе оның ары қарай не істеу керектігін білетініне сенбесе, ол көшбасшылығынан айырылады. Оның көшбасшылығы оның сенімі аяқталған кезде аяқталады.

Мәсіхші үшін Құдай Сөзінің ақиқаты және Оның еркі мәсіхшілік ұйымда ғана емес, әр ұйымда, мекемеде негіз болуы қажет. Мәсіхші Құдай Сөзіне қайшы келетін кәсіппен айналыспауы керек.

Жақсы көшбасшылық үшін күшті сенімділік қажет. Киелі жазбадан немесе кейінгі тарихтан алынған кез келген ұлы көшбасшыны елестетіп көріңіз. Оның сенімсіз, бірақ жақсы қабілеттерге ие екенін елестетуге тырысыңыз. Адам жақсы ұйымдастырушы және жақсы басшы болса да, ол сенімділіксіз ұзақ уақыт жетекшілік ете алмайды.

Топтағы студенттерге тарихтағы осы көшбасшылардың әрқайсысы туралы білетіндерімен бөлісуге рұқсат етіңіз, содан кейін топтан осы көшбасшыны сенімділіксіз елестетуін сұраңыз: Мұса, Ешуа, Пауыл, Мартин Лютер, Авраам Линкольн, Махатма Ганди, Уинстон Черчилль, және Билли Грэм. (Олардың әрқайсысының ықпалы зор болды, бірақ олардың барлығы мәсіхші көшбасшылар емес еді).

Көшбасшының басты қозғаушы күші табыс емес, сенімділік болуы керек. Ол сенімділіктің арқасында табысқа жете алады. Сондықтан ол табысқа жету үшін ешқашан сенімділіктен бас тартпайды.

Сенімділік жартылай немесе жалған болмауы керек. Егер адам басқа көзқарасты, басқаның сенімін көрсетуге жалданғандықтан өзінің сенімінен бас тартуға дайын болса, ол жақсы көшбасшы бола алмайды.

Көшбасшы шындыққа деген құштарлығымен танылуы қажет. Ол сенімге негізделгендіктен, ол әрқашан шындықты іздейді. Ол дұрыс емес нәрсеге сенуді жалғастырғаннан гөрі түзетілуді жөн көреді.

Сенімділік адамды күшті етеді. Қарсыласуды, дауды, сынды жек көретін адам да сенімділігі күшті болғандықтан көшбасшы бола алады.

Сенімділік сонымен қатар адамды жоғары деңгейдегі интелектпен жұмыс істеуге итермелейді. «Сенімді интеллект»[1] көмегімен көптеген шешімдер рефлекс арқылы қабылданады, өйткені кейбір нұсқалар тіпті қарастырылмайды. Бұл адамға ненің дұрыс екенін тез анықтауға мүмкіндік береді. Білім немесе даналық сияқты, сенімі жоқ адам ақымақ.

► Өзіңіз жеке танитын жақсы көшбасшы бар ма? Ол кім? Сенімділік оның көшбасшылығын қалай күшейтуде?

Даниял мен басқа да бірнеше яһудилер басқа елдің патшалығында тәлім алып жүрді. Ол үшін жақсы жұмыс істеу және патшаның көңілінен шығу маңызды болды, бірақ оларға исраилдіктер үшін арам болып саналатын тамақ ұсынылған кезде оның сенімі сыналды. Әдетте егер мұндай жағдайларда адамдардың мәртебесіне нұқсан келтірсе, олар өздерінің сенімдерінен/шешімдерінен бас тартады.

Олардың үстінен қарауға бекітілген уәзір Даниялдің керемет рухты екенін байқаған болатын. Даниял оған сыпайылықпен жақындап, өтінішін білідіріп, уәзірге де, оған да зияны тимейтін нәрсені ұсынып көрді. Құдай Даниялдың адалдығын құрметтеп, оған үлкен табыс сыйлады (Даниял 1:8-15).


[1]Albert Mohler The Conviction to Lead: 25 Principles for Leadership that Matters (Bloomington: Bethany House Publishers, 2012) кітабында қолданған термин.