Бір топ балалар бірге ойнап жүр. Джон, “Келіңдер, футбол ойнайық деді.” Бірақ оның сөйлегенін ешкім байқамаған секілді. Содан кейін Тим, “Джордж, ана таяқтарды ал, біз олармен сарбаздарды ойнаймыз деді.” Джордж таяқтарды алды, ал қалған балалар көп ұзамай оның артынан еріп, сол ойынды ойнады.
► Бұл топтың көшбасшысы кім, Джон ба әлде Тим бе? Көшбасшы деген кім? Неліктен біз көшбасшылық билік лауазымын білдірмейді деп айтамыз?
Көшбасшылықтың анықтамасы
Кейде басшы лауазымындағы адам іс жүзінде басқаратын адам емес. Кейде адамдар билік лауазымы жоқ адамдардың артынан ереді. Бұл көшбасшылықтың лауазымнан да жоғары екенін көрсетеді.
Көшбасшы - көшті басқаратын адам.
Көшбасшылық көшке әсер ету.
Сіз әр уақытта басқа адамдардың жеке өмірінде немесе кәсібінде мақсатқа жету үшін, олардың ойларына немесе әрекетіне әсер етуге тырысқан сайын сіз көшбасшылыққа қатысасыз.[1]
Қарапайым мысалдар
Зауыт басшысы жаңа саясат туралы хабарлайды. Ол кеткенде жұмысшылардың біреусі қалғандарына сол саясатпен қалай жұмыс істейтіндерін түсіндіреді.
Автобуста бір топ адам келе жатыр. Бір кезде көлік бұзылды. Сонда жолаушылардың біреусі тасымалдаудың басқа нұсқаларын іздеп, амал жасайды.
Бағушы қауым мүшелеріне қауымның міндеттерін айтады. Қауым мүшелері тыңдайды, бірақ жөнді түсінбейді. Олар қалай істеу керектігін түсіндіретін белгілі бір адамды күтеді.
Осы мысалдарда көшбасшы кім? Басқа адамдарды жетелей алатын адам.
Біз көшбасшылықтың не екенін анықтадық. Бірақ біз жақсы көшбасшы немесе ұзақ мерзімді тиімді көшбасшы дегенге әлі анықтама берген жоқпыз. Көшбасшының әрекеті дұрыс немесе қате болуы мүмкін, сонымен қатар жақсы немесе жаман нәтижелерге әкелуі мүмкін. Ол адамдар тез еретін көшбасшы болуы мүмкін, бірақ олардың үміттерін ақтамауы да мүмкін. Оның жаңа ізбасарларды жиі тартатын үлгісі болуы мүмкін, бірақ көп ұзамай оларды жоғалтуы мүмкін.
Егер адам маңызды, батыл шешімдерді қабылдап, адамдар оның артынан ерсе, ол сол уақытта көшбасшы болып саналады. Адам белгілі бір уақытта ғана көшбасшы болуы да мүмкін. Адам өзінің нақты қабілеттеріне байланысты белгілі бір жағдайларда көшбасшы болып, басқа жағдайларда бола алмауы мүмкін.
Егер біз көшбасшылықты әсер ету ретінде анықтасақ – Иса барлық уақыттағы ең ұлы көшбасшы. Миллиондаған адамдар оның ілімін ұстанады. Әлем бойынша оның өсиеттерін ұстануға арналған көптеген мекемелер бар.
Иса көшбасшылық – қызмет деп анықтама берді (Матай 20:25-28). Бұл анықтама бойынша да, Иса барлық уақыттағы ең ұлы көшбасшы, өйткені Ол үлкен қызмет атқарды – құтқарылу сыйлады.
[1]Ken Blanchard and Phil Hodges, The Servant Leader: Transforming Your Heart, Head, Hands, and Habits (Nashville: Thomas Nelson, 2003), 10
Көшбасшы лауазымнан жоғары
Ресми лауазым сізге билік жүргізуге мүмкіндік береді, бірақ сізді автоматты түрде көшбасшы қылмайды.
Көшбасшы лауазымына ие болғандықтан ғана өзіңізді көшбасшы санамаңыз, әсіресе егер ол лауазымға сізді сіз жетелейтін адамдар сайламаса. Лауазым – бұл көшбасшылыққа апаратын есік. Лауазым сізге көшбасшы болуға мүмкіндік береді, бірақ сізді көшбасшы етпейді.
► Мына тұжырымды түсіндіріңіз:“Лауазым – бұл көшбасшылыққа апаратын есік.”
Егер адам өзі басқаратын адамдарға, “Мен басшымын” немесе “Мен жетекшімін,” десе, ол бұл мәлімдемені адамдар оны көшбасшы ретінде мойындамағандықтан айтады. Өйткені ол көшбасшы болса да, адамдар оның артынан ермейді. Сондықтан ол өзінің лауазымын қолдануға тырысады, себебі оның адамдарға әсер етуге күші жеткіліксіз.
►Мына тұжырымды түсіндіріңіз: “Ешқашан адамдарға сіздің олардың көшбасшысы екеніңізді еске салудың қажеті жоқ.”
Самуил Исраилде патша тағайындалғанға дейін атақты пайғамбар және діни қызметкер болды. Ол адамдарға төреші ретінде қызмет етті. Самуилдің жасы ұлғайған кезде, ұлдары оның әділ үлгісін ұстанбағандықтан, халық Самуилдан оларға жаңа патша тағайындауын сұрады. (Патшалықтар 1ж 8:5)
Біз Самуилдің ықпалын және беделін халықтың патшаны тек ол тағайындай алатынын білетіндіктерінен көре аламыз. Халық басқа жолмен патша тағайындауға тырыспады. Самуил Саулдың патша болатынын хабарлағанда, халық Сауылды қабылдамады; бірақ патша тағайындауға Самуилдан беделді адам табылмады.
Самуил өзінің даналығы мен мінез-құлқының негізінде адамдарға ықпал етті. Самуилдің ұлдары мұндай қасиеттерге ие болмағандықтан, халық оларды қабылдамады. Қабілеттілік жақсы қасиетті алмастыра алмайды.
Көшбасшылық өнімді болудан артық
Продюсер – жақсы жұмыс істеп, өзінің күш-жігерімен алға қойған мақсаттарына жететін адам. Продюсер ұйымның маңызды мүшесі. Кез келген ұйым продюсерге тәуелді.
[1]Көшбасшы басқаларға әсер етіп, бірлесе жұмыс істеу арқылы қойылған мақсаттарға бірге жететін адам. Егер көшбасшы продюсердің қызметтеріне назар аударып бастаса, ол көшбасшы рөлін атқара алмайды, өйткені көшбасшының міндеті жақсы жұмыс істеу ғана емес, сонымен қатар басқалардың бірлесе отырып, жақсы жұмыс істеуін қадағалау.
Өндірушілер
Көшбасшылар
Продюсер өз жұмысына жауапкершілікті сезінеді.
Көшбасшы басқалардың істегені үшін жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол оларға әсер ете алатынын біледі.
Продюсер тапсырманы орындауға бар күшін салады.
Тапсырманы орындау үшін көшбасшы өзінің және басқалардың күш-жігерін біріктіреді.
Продюсер өзінің жетістіктерін үнемі толықтырып отырады.
Көшбасшы өз жетістіктерін ұжыммен бірге көбейтеді.
Егер ұйым орындайтын жұмыстың көп бөлігін сіз орындасаңыз, сіз қажетінше басшылық жасай алмайсыз . Егер сіз әрқашан ұйымның міндеттерін жасаудан қолыңыз босамаса , онда сіз көшбасшының міндеттерін дұрыс атқара алмайсыз.
► Өзіңіздің міндеттеріңіз бен мақсаттарыңызды тексеріңіз. Сізде продюсердің қандай қасиеттері бар? Сізде көшбасшының қандай қасиеттері бар?
Көптеген адамдар көшбасшының уақытты қалай пайдаланатынын түсінбейді. Егер ол үлкен ұйымды басқаратын болса, оның атқаратын белгілі бір міндеттері бар шығар.
Мысалы, бір ірі бизнестің бас директоры бар. Ол жаңа жұмыскерлерді жұмысқа алмайды, өйткені ол міндетті атқаратын басқа адам бар. Ол техникаға жауап бермейді, материалдарды сатып алмайды, бұзылған нәрсені жөндемейді, шығаратын өнімдерді сатпайды. Көптеген адамдарға ол тек қоңырауларға жауап беріп, кездесулер ғана ұйымдастыратын сияқты болып көрінуі мүмкін. Ол жұмысқа бірнеше күн келмесе де, ештеңе өзгермес еді.
Алайда, бас директор бұл процестердің өзара қалай байланысатынын көрсетеді. Ол жаңа менеджерларды тағайындап, олардың өз міндеттерін атқара алатынына көз жеткізеді. Ол ең маңызды нәрселерді ескере отырып, жақсы нәтиже беретін жүйелерді құрастырады. Ол бизнестің мәдениетін қалыптастырады. Онсыз бұл бизнес баяғыда құлар еді.
Шағын ұйымдарда көшбасшы қажет нәрсенің барлығын жасауға дайын болуы керек. Сонымен қатар, ол әрқашан міндеттерді атқаруға дайын, жауапты, қабілетті адамдарды іздеп отыруы керек.
Өзгеріс болып жатқан ұйымдарда көшбасшы адамдардың өзгерістің қалай болып жатқанын түсінетініне көз жеткізу үшін әр бөлімнің жұмысына қатысқаны жөн. Дегенмен, ол бөлімді оның тұрақты қатысуынсыз басқаруға қабілетті адамдарды дамытуы керек.
Бағушы қауымның мүшелерінің қажеттіліктеріне қызмет етуге дайын болуы керек және ешқандай жұмысты өзінің мәртебесінен төмен қоймауы керек. Бірақ ол басқаларды қауымды жүргізуге, қызмет алуға шақыруы керек, әйтпесе қауым бағушының істеп жүрген қызметімен ғана шектеліп қалады.
► Көшбасшы үшін "басқаруға тым бос емес" деген нені білдіруі мүмкін?
“Ұлы көшбасшы міндетті түрде үлкен істер істейтін адам емес. Ол басқа адамдарды үлкен істер жасауға итермелейтін адам.”
- Рональд Рейган
Көшбасшының қасиеттері
Біз көшбасшылықты оның ең негізгі түрінде ықпал ету деп сипаттадық. Көшбасшы – адамдарды жетелей алатын адам. Алайда, егер адам ұзақ уақыт топтың немесе мекеменің көшбасшысы болса, онда ода кем дегенде төрт мынадай қасиеттер бар.
(1) Көшбасшының беделі бар.
Беделі бар дегеніміз адамдар оның еркіне өз еркімен немесе еріксіз бағынатындығын білдіреді. Адамдар ерікті түрде бағынатын көшбасшы көбірек билікке ие, өйткені амалсыздан бағынатын адамдар жұмысқа толықтай берілмейді. Олар мақсатқа жету үшін өздерінің күш-жігері мен қабілеттерін пайдаланбайды.
(2) Көшбасшыға жауапкершілік жүктеледі.
Көшбасшы топты табысқа жеткізетін білім, қабілет және әдістерге ие болуы керек. Егер топ жетістікке жетпесе, оған көшбасшы кінәлі. Ол топтың жетістікке жетпегеніне басқаларды кінәлай алмайды. Басқаларына маңызды шешімдерді қабылдатқызып, шыққан нәтижелерді солардың мойнына жүктеп қоя алмайды.
Понти Пилат Яһудеяның Рим патшасы болған. Ол бүліктерді басу үшін тағайындалды. Пилат билік еткен кезде қателіктер жіберді. Ол Рим оның басқаруын құптамайды деп алаңдады.
Исаны бүлік шығарды деп айыптаған кезде, Пилат Оның кінәлі екеніне сенбеді. Алайда еврей басшылары революционерді өлім жазасына кеспесе, Пилаттың үстінен шағымданатындарын білдірді. (Жохан 19:12).
Егер олар шағымданса, Пилат жағдайының қиын болатынын білді. Сондықтан ол жазықсыз адамды өлім жазасына кесуге шешім қабылдады.
Пилат бұл оның шешімі екенін жоққа шығаруға тырысты. Ол еврей басшыларының алдында қолын жуды, бұл рәсім оның кінәлі емес екенін білдірді.
Шындығында, көшбасшы өзі қабылдайтын шешімдер үшін басқаларды кінәлай алмайды. Егер ол басқаларға өзі үшін шешім қабылдауға мүмкіндік берсе, ол бәрібір де кінәлі.
Көшбасшы кез келген міндеттерді басқаларға жүктей алады, бірақ ұйымның нәтижелеріне ол жауапкершілік алады. Ол ұйымның сәтсіздігіне басқаларды кінәлай алмайды. Көшбасшы ұйымның барлық бөліміне жауапты.
Бағушы қауымдағы музыка стиліне көптеген шағымдар алды. Ол бұл нәрсеге мадақтау тобының жетекшісі жауапты екенін айтты. Ол жауапкершілікті басқа адамға аударып жіберді және бұл дұрыс болмады, өйткені мадақтау тобының жетекшісін бағыттау да қауымның бағушысының міндеті.
(3) Көшбасшы өзі басқаратын адамдардың алдында жауапты.
Оның көшбасшылығы көпшіліктің қолдауына байланысты. Егер оның басшылығы жақсы нәтиже бермесе, онда ол беделінен айырылып, ықпал ете алмайды. Ол көшбасшы болып қалса да, адамдар басқа біреудің артынан еріп кетуі мүмкін.
► Егер көшбасшы билікті пайдаланса, бірақ жауапкершіліктен қашып, есеп беруге тырыспаса не болады?
(4) Көшбасшыда перспектива бар.
Ол кішігірім жеңістер мен жеңілістерді оны негізгі мақсатынан алшақтатуына жол бермейді. Ол сәтсіздіктер үшін көңілін түсірмейді. Ол кез келген нәрсені құрбан етуге дайын. Егер ол құрбан етуге тым көкірек немесе керісінше әлсіз болса, онда ол жетістіктерге жете алмайды.
Ел басқыншы әскерден қорғанды. Патша ұзақ жылдар бойы билік жүргізді және адамдар оны жақсы көрді және оған сенді. Патша басқыншы әскердің генералынан хабар алды: Ол патшаны үш ұлымен бірге шығуға және онымен және оның үш адамымен бірге соғысуға шақырды. Генерал егер патша келіспесе, онда бұл нәрсе патшаның қорқақ екенін білдіреді деді.
Патша бұл шақыртуды қабылдамаса, өзінің ұятқа қалатынын сезінді. Сондықтан өзінің батылдығын дәлелдеу үшін ұлдарымен бірге шайқасуға кетті. Шайқаста патша және оның ұлдары қаза тапты; халық басшысыз қалды және басқыншы әскер елді жаулап алды.
Жаулап алынған елден шыққан ақын осы оқиғаны жазды: ол патшаны жоқтап, бостандықтан айырылғандарына қатты қайғырды. Ол патшаның қателескенін айтты, өйткені патша тәкаппар болды. Алайда, өзнің батылдығын дәлелдеу үшін, бүкіл халықты тәуекелге тігуге құқығы жоқ еді. Патшаның міндеті халықты басқару еді. Алайда патша шайқасуға кеткен кезде көшбасшы міндеті туралы ұмытып кетті.
► Ақынның патшаны қателесті дегені дұрыс болды ма?
Студенттерге осы сабақтан өзінің мақсаттарын немесе әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын бөлісуге мүмкіндік беріңіз. Бұл сұраққа барлық студенттердің жауап беруі міндетті емес. Студенттерге жауап беруге қолайсыз болатын сұрақтар қойып, қинамаңыз. 2-тапсырма оларға көбірек ойланып, өз ойларын жазуға мүмкіндік береді.
Бес Қорытынды мәлімдеме
1. Көшбасшы – көшті басқаратын адам.
2. Көшбасшылық – әсер ету.
3. Лауазым – көшбасшылыққа апаратын есік.
4. Көшбасшы жәй ғана продюсер бола алмайды.
5. Көшбасшылыққа бедел, жауапкершілік, есеп берушілік және кең перспектива қажет.
1-сабақтың тапсырмалары
1. Осы сабақтан өмірді өзгертуге көмектесетін тұжырымдаманы қорытындылап жазыңыз. Неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз. Одан қандай пайда? Бұл нәрсені білмеуден қандай мәселе туындауы мүмкін бе?
2. Осы сабақтың қағидаларын өз өміріңізге қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Бұл сабақ сіздің мақсаттарыңызды қалай өзгертуде? Әрекеттеріңізді өзгертуді қалай жоспарлап жатырсыз?
3. 1-сабақтың бес қорытынды мәлімдемесін есте сақтаңыз. Келесі сабақтың басында оларды жазуға дайын болыңыз.
4. Келесі сабақтың алдында Тімотеге 1-хат 3:1-13, Титке 1:5-11 және Елшілердің істері 6:1-6 оқып шығыңыз. Қызметтегі жетекшілерге қойылатын талаптар туралы өз ойыңызды жазыңыз.
SGC exists to equip rising Christian leaders around the world by providing free, high-quality theological resources. We gladly grant permission for you to print and distribute our courses under these simple guidelines:
No Changes – Course content must not be altered in any way.
No Profit Sales – Printed copies may not be sold for profit.
Free Use for Ministry – Churches, schools, and other training ministries may freely print and distribute copies—even if they charge tuition.
No Unauthorized Translations – Please contact us before translating any course into another language.
All materials remain the copyrighted property of Shepherds Global Classroom. We simply ask that you honor the integrity of the content and mission.