Әр адам басқа адамдарға әсер ете алатындай көшбасшы болуы керек. Мысалы, әрбір ата-ана баласына жетекшілік етуі керек. Бұл курста біз зерттейтін қағидалар сол табиғи басшылықтағы адамдарға көмектеседі. Дегенмен, бұл курс табиғи басшылықтан тыс көшбасшылық принциптеріне бағытталған.
Адамның көшбасшы болғысы келуінің әртүрлі себептері болуы мүмкін. Ең дұрысы – қызмет етуге ұмтылу.
[1]Оқу адамды басқалардан білімі мен қабілеті жағынан жақсырақ ете алады. Ол өзін басқа адамдардан құндылық жағынан артық санауы мүмкін. Ол тек өз лауазымына ғана емес, сонымен бірге басқа да артықшылықтарына байланысты басқалардан ерекше қарым-қатынасты күте бастауы мүмкін.
Елші Пауыл: “Біліктілік-мақтаншақ етеді”,— деп ескертті (Қорынттықтарға 1-хат 8:1). Ол білімді жаман немесе оны өзінен-өзі зиянды деп айтпады. Контекстте ол белгілі бір нәрселерді білетін, бірақ білімін пайдалану жолында сүйіспеншілік көрсетпейтін адам туралы айтты.
Оқу адамды Құдай Патшалығы үшін тиімдірек ете алады, бірақ егер оның қалауы кішіпейілділікпен қызмет ету болса ғана.
“Даңқ-атақты қуалаған адам көп нәрсеге қол жеткізе алмайды.”
- Сэм Уолтон
Көшбасшы болу
Адам қалай көшбасшы болады? Біз тек ресми лауазым туралы айтып жатқан жоқпыз, ұмытпаңыз. Көшбасшы - ықпалы бар адам, ол көшті басқаратын адам.
Кейбір адамдар табиғи көшбасшылық қабілетімен туады. Олар өздерін сенімді ұстайды, шешімді тез табады, адамдар олардың артынан инстинктивті түрде ереді. Сондықтан сіз кейбір адамдар көшбасшы болу үшін туылған, ал басқалары жоқ деп болжамдауыңыз мүмкін. Дегенмен, адамдар әртүрлі себептермен көшбасшы болады.
Ескі украин аңызына сәйкес, бір жас жігіт діни қызметкерге барып: «Әке, мен түсімде 10 000 адамның басшысы болғанымды көрдім. Бұл орындалады ма?»,-деді. Діни қызметкер: «Бұл орындалу үшін қазір сол 10 000 адам түстерінде сен олардың басшысы екеніңді көрулері қажет», - деді.
Көшбасшы ететін факторлар
Адам осы факторлардың бірінің немесе бірнешеуінің арқасында көшбасшы бола алады. Алайда, егер ол басқа салаларда әлсіз болса, адамды ұзақ мерзімді, тиімді көшбасшы ету үшін бұл факторлардың ешқайсысы жеткіліксіз.
(1) Табиғи қабілет
Өзіне сенімді болып көрінетін адам қайда жүрсе де бірден көшбасшы болып кетуі мүмкін. Алайда, егер ол үміттерді ақтай алмаса, ол көшбасшылықты жалғастыра алмайды. Табиғи қабілеті бар адам да нәтижелі/тиімді болуы үшін көшбасшылық принциптерін ұстануы керек.
(2) Дағдарыс/қиындық кезіндегі әрекет
Көптеген көшбасшылар қиындық кезінде пайда болды. Үлкен дағдарыс көшбасшыны ашуы мүмкін. Дағдарысқа жауап беру жай ғана бақылап, шағымданатын адамға қарама-қайшы келетін шақыру немесе жауапкершілік сезімінен туындайды.
Дағдарыс көшбасшыны ашуға мүмкіндік береді, бірақ дағдарыстан кейін көшбасшы болып қалу үшін басқа қасиеттер қажет. Кейде дағдарыс кезінде жақсы басқаратын адам басқа жағдайларда жақсы жетекшілік ете алмайды.
(3) Жылдар бойы сенімді
Кейде адам көптеген жылдар бойы сенімді болғандықтан көшбасшы болып қала береді. Адамдар оған сенеді, өйткені олар оның ұйымға адал екенін біледі.
(4) Қалыптасқан дағды
Адам белгілі бір салада білім мен дағды алғандықтан көшбасшы болуы мүмкін. Ол белгілі бір жағдайларда және белгілі бір мәселелерді шешуде ғана жетекшілік ете алады.
(5) Көшбасшылық қағидаларын меңгерді
Адам осы курста оқытылатын қағидалар арқылы көшбасшылықты үйрене алады. Дегенмен, адамның табиғи қабілеті болмаса, оқу оны жоғары деңгейде тиімді көшбасшы ете алмайды.
(6) Құдайдың шақыруы
Құдай елшілерді, пайғамбарларды, Ізгі хабарды таратушыларды, бағушыларды және тәлімгерлерді шақырды (Ефестіктерге 4:11). Әлемдік қоғамдарда да Құдай адамдарды жоғары лауазымдарға Өзі тағайындайды (Забур 74:7, Даниял 2:21). Кейде адамдар Құдай табиғи қабілеті жоқ біреуді шақырғанда таң қалады, бірақ Құдай әрқашан адамға Құдайдың ісін орындау үшін қажет қабілеттерді береді.
Егер адамдар басшының бір іске берілгенін және Құдайдың оған көмектесетінін көрсе, адамдар оларға сенгендіктен оның артынан еруі мүмкін. Сенімді сақтау үшін ол біліктілігін, сенуге болатынын және жақсы мінезін көрсетуі керек.
Киелі жазбадағы көшбасшылықтың факторлары
Киелі жазбадағы ер адамдардың басшылықты қалай бастағанын қарастырайық.
Еліше: Басшылықтың ауысуы
Елішені Құдай Ілиястан кейінгі Исраилдің жетекші пайғамбары етіп таңдады. Өтпелі кезең туралы Патшалықтар 3-жазба 19:19-21 және Патшалықтар 4-жазба 2:1-15-те айтылған.
Құдайдың шақыруы оны көшбасшы еткен ең негізгі фактор болды. Дегенмен, басқа да маңызды мәліметтер бар. Еліше өзін қызметке арнау үшін үйін және малдарын тастап кетуге дайын болды. Еліше үшін байлықтан гөрі Құдайдың шақыруы маңыздырақ болды. Елішенің кейінірек көмекшісі болған Гехәзи ақшаға деген құмарлығының кесірінен қызмет ету мүмкіндігінен айырылды [1](Патшалықтар 4-жазба 5:20—27).
Еліше қызметте жетілу үшін малай болуға да дайын болды. Мұнсыз ол қызметте табысқа жете алмас еді.
Еліше қарт пайғамбар Ілиястың Құдайдың құдіретімен таңғажайып істер жасағанын білді. Ол үш жыл бойы жаңбырды тоқтатты. Ол зұлым патша мен патшайымның өлімін болжады. Ол аспаннан от түссін деп дұға етті. Еліше өзінің болашақ қызметін қарапайым әдістерді үйрену арқылы орындай алмайтынын түсінді. Ол Құдай Рухына толу керек екенін білді.
Ілиясты Құдай көкке көтеріп алған соң, Еліше Ілиястың шапанын көтеріп алып, онымен су бетін ұрып: «Ілиястың сиынған Құдайы Жаратқан Ие қазір қайда екен?» — деп сұрады. Жас пайғамбарлар жаңа пайғамбардың қызметі Құдайдың құдіретіне ие бола ма деп бақылап тұрды. Олар кереметті көргенде: “Ілияста болған Рух Елішеге қонған екен”,— деді (Патшалықтар 4-жазба 2:15). Олар Құдайдың құдіретінің Ілиястан Елішеге ауысқанын көрді.
Көшбасшылық қызмет еріксіз ескі басшылардан жастарға ауысады. Алайда, Құдайдың құдіреті өздігінен өтпейді. Сенімі аз көшбасшылар Құдайдың құдіретіне ие бола алмай, адамның әдістеріне тәуелді болады.
Гедеон: Дағдарыста жетекшілік ету
Гедеон өз халқының немесе өз руының басшысы емес еді. Оның халқы жерге егін еккен сайын тоналып отыратын. Гедеонның бұл жағдайды өзгерту туралы ойы болмады; Ол жинаған дәндерін тонаушылардан сақтап, жасырмақ болған кезде, Құдайдың періштесі оған көрінді. Ол жай ғана аман қалуға және өз жағдайын жасауға тырысты. Бұл басшының мінез-құлқына сай емес.
Құдай Гедеонды “батыл адам” деп атады, өйткені Құдай оның не істей алатынын білетін (Билер 6:12). Гедеон Құдайдың оны таңдағанына қатты таң қалды және оны растау үшін Құдайдан керемет белгі беруін сұрады.
Гедеон Құдайға мойынсұнды, ол пұтқа табынатын орынды қиратып, Құдайға құрбандық ұсынатын орынды салды. Оның бұл әрекеті үлкен діни өзгеріс тудырған жоқ, бірақ бұл адамдардың пұттардың күшіне күмән келтіруіне әсерін тигізді.
Гедеон толығымен Құдайға сеніп, Оған тәуелді болды. Ол тіпті Құдайдың сарбаздардың көп бөлігін үйге қайтару бұйрығына мойынсұнды. Гедеон ерекше шабуыл жоспарын ойлап тапты және Құдай оған жеңіс сыйлады.
Өкінішке орай, Гедеон жеңісінен кейін адамдарды Құдайға қызмет етуге жетелемей, пұтқа табынушылыққа бет бұрды. Егер көшбасшы ұзақ мерзімді перспективада тұрақты болмаса, ол Құдайға өзінің әлеуетін толық аша алмайды.
Нехемия: Аян-мақсат арқылы жетелеу
Нехемия туған жерінен жырақта, Бабыл патшасына қызмет ететін яһуди болған. Ол Иерусалимдегі жағдай туралы естіді. Қала баяғыда жаулап алынған; қаланы қорғайтын қамал қабырғасы қиратылғандықтан, халық айналаларындағы дұшпандарының мейіріміне ұшырағанын біледі.
Нехемия жауапкершілікті сезініп, әрекет ету керектігін түсінді. Көптеген адамдар бұл жаңалықты естіп қайғырды, бірақ олар ешқандай жауапкершілікті сезінген жоқ, өйткені олар жағдайды өзгерте алмаймыз деп ойлады. Басшы жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол жағдайды өзгертуге болатынын және қалай әрекет ету қажет екенін де біледі.
Нехемия Құдайдың қолдауын сұрап дұға етті. Нехемия қайта құру Құдайдың көмегінсіз жүзеге аспайтынын білді. Мәсіхші көшбасшы әлемді өзінің көзқарасына сай емес, Құдайдың көзқарасына сай өзгертуге тырысады. Оның сенімі адамға емес, Құдайға негізделген.
Құдай осы өтінішті мейіріммен қабылдады. Патша Нехемияның мәселесіне қызығушылық танытты. Қағида мынада: бізге ісімізге көмектесуге билігі бар немесе беделі бар адам қажет емес, егер мақсат Құдайдың жоспарына сай болса, Құдай мақсатқа жету үшін керемет мүмкіндіктер береді.
Нехемия Иерусалимге келіп, сол жердегі басшыларға өзінің мақсат-аяны туралы айтты. Бұл мақсат-аянға бірнеше адам ортақтасты. Көшбасшы оның көз-қарасын барлығы бірден түсініп, оған ортақтасады деп күтпеу қажет. Қолдау бірнеше адамнан басталады.
Мақсатқа ортақтасатын бірнеше адам болуы қажет, әйтпесе, көшбасшыға еретін адам болмайды. Бұл мақсат бекітілген топқа тиесілі болуы қажет. Мақсатқа ие болу - онымен келісу және оның болуы мүмкін деп үміттену емес. Мақсатпен бөлісетіндер оны өздеріне тиесілі деп сезінуі керек.
Ортақ мақсат қауымдастықты құрды. Олар бірге өмір сүруді, бір-бірін қолдауды және қойған мақсаттарына сенімді болуды үйренді.
Нехемия — көшбасшының керемет үлгісі, ол болған мәселеге жауапты емес еді. Бірақ ол көшбасшылықты лауазымнан емес, өзгеріс енгізуден бастады. Ол мақсат-аянды орындаудың арқасында көшбасшы болды.
Саул патша: Лауазымнан басталған көшбасшылық
Саул Исраилдің бірінші патшасы болды. Ол бірінші патша болғандықтан, ол үлгі алатындай ешқандай патша болмады. Ол фермер болды және билеуші ретінде тәжірибесі болған жоқ.
Ол тағайындалған кезде әскер де, мемлекеттік қызметкерлер де болған жоқ. Ресми төрешілер, мемлекеттік мекемелер және салықтар да болмады. Патша болып тағайындалғаннан кейін Саулдың рөлі оған анық емес болғандықтан, ол фермер болып жұмыс істей берді.
Содан кейін дағдарыс басталды (Патшалықтар 1-жазба 11). Исраилмен одақтас шағын халыққа Исраилдің жаулары шабуыл жасады. Ешкім тіпті жаңа патшаға бұл туралы айтқан да жоқ, өйткені олар одан ешқандай әрекет күткен жоқ. Саул бұл туралы күн батып, егін даласынан келе жатқанда естіді.
Саул шешім қабылдады. Ол бір пар өгізді сойып, шауып бөлшектеді. Олардың бөліктерін хабаршыларға үлестіріп беріп, оларға мынадай хабарды жар салып жеткізуге бұйырды: «Кімде-кім Саул мен Самуилдің соңынан еріп аттанбаса, соның өгіздерімен де дәл осылай болады!» (Патшалықтар 1-жазба 11:7)
Мыңдаған адамдар жиналып, үлкен жеңіске жетті. Бұл жеңіс Саулды мықты басшы етіп көрсетті.
Саул – лауазымнан бастаған көшбасшының үлгісі. Ол бастапқыда көшбасшы болғысы келмеді; бірақ лауазымға тағайындалғандықтан жауапкершілікті сезінді.
► Саулдың дағдарысқа қарсы әрекеті Гедеоннан қалай ерекшеленді?
“Менің өмірім көпшілік алдында. Менің ісім әлемде, мен оған не қосылуым керек не мені тағайындаған қызметтен кетуім қажет”
- Уильям Уилберфорс
Әлеуетті көшбасшының қасиеттері
Өзіңізді көшбасшы ретінде қалай бағалай аласыз? Көшбасшының қасиеттері тізімін зерттеңіз. Олардың кейбіреулерінде әлсіз болсаңыз, Құдайдың көмегімен оларды дамыта аласыз. Осы салаларда дамыған сайын сіз көшбасшылықты дамытасыз.
Тиімді көшбасшы…
Оны білетін адамдарға әсер етеді
Өзін-өзі тәртіпке салады
Бұрынғы міндеттерді орындайды
Жаңа міндеттерді алуға дайын
Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады
Басқаларға қызмет етуге дайын
Бастаманы өз қолына алады
Адал
Стресті жеңе алады
Ашуланбайды
Жақсы, позитивті көңілде жүреді
Бір нәрседен көңілі қалған кезде, ол нәрсеге қатты түңілмейді
Өзіне сенімді
Тұтастыққа ие
Құдаймен тығыз қарым-қатынаста
Жеке проблемаларға көңіл бөлмейді
Оқуға қабілеті бар және оқуды жалғастырғысы келеді
Мәселелерді шеше алады
Болып жатқан жағдайларға қанағаттанбайды
Өзгерістер енгізуге дайын
Жағдайды толықтай көре алады
Әрі қарай не істеу керектігін біледі
Бастау
Егер сіз жұмыс істеп жатқан ұйымның негізгі басшысы болмасаңыз не істеу керек?
Егер сіздің ұйымыңыздың жетекшісінде осы курста зерттеліп жатқан қағидаларды ұстануға кедергі келтіретін шектеулер болса, не істеу керек?
Кейде жас, дамып келе жатқан көшбасшының көңілі қалады, өйткені ол өзіне белгілі көшбасшылық қағидаларын қолдана алмайтынын сезеді. Ол өзінің қабілеті шектеулі деп санайды, өйткені оның билік лауазымы жоқ.
Көшбасшы болуға үміттенген адам көшбасшылық қағидаларын қолдана бастау үшін басшылық лауазымға тағайындалғанша күтпеуі керек. Ол міндеттерді орындауға, сенімді нығайтуға, білімін, тәжірибелік дағдыларын кеңейтуге, сенімді адамның беделіне ие болуға және жеке пайдаға емес, ұйымның табысына деген адалдығын көрсетуі қажет. Мұның бәрі оның барлығына, соның ішінде жоғары басшыларға әсерін арттыруға ықпал етуі мүмкін.
Есіңізде болсын, көшбасшы - жай ғана ықпалы бар адам. Ресми лауазымсыз да ықпалыңызды арттыратын дүниелер көп.
Көшбасшы болу үшін жаңа ұйым бастау керек деп ойлауға асықпаңыз. Сіз бар жерде көп нәрсені жасай аласыз.
Сіздің лауазымыңыз қандай болса да, сіз жас көшбасшылар мен команда мүшелерін ынталандырып, оларға тәлімгер бола аласыз. Бұл ұйымдағы жұмысыңыздың ресми бөлігі ретінде жасалуы мүмкін немесе сіздің көмегіңізді бағалайтын адамдармен бейресми түрде жасалуы мүмкін.
Ұйымыңыздың ішінде немесе сыртында өзіңізге тәлімгер табуға тырысыңыз. Көшбасшылардың көбісі өздерінің тәжірибелерімен асыға бөліседі. Сізге көшбасшылықтың нақты аспектілері бойынша тәлімгерлік алуға болады; тәлімгер әр салада мінсіз үлгі болуы міндетті емес. Егер тәлімгер белгілі бір салада білікті болса, ол тіпті сізден де жас болуы мүмкін.
Студенттерге осы сабақтан өзінің мақсаттарын немесе әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын бөлісуге мүмкіндік беріңіз.
4-сабақтың тапсырмалары
1. Осы сабақтан өмірді өзгертуге көмектесетін тұжырымдаманы қорытындылап жазыңыз. Неліктен маңызды екенін түсіндіріңіз. Одан қандай пайда? Бұл нәрсені білмеуден қандай мәселе туындауы мүмкін бе?
2. Осы сабақтың қағидаларын өз өміріңізге қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Бұл сабақ сіздің мақсаттарыңызды қалай өзгертуде? Әрекеттеріңізді өзгертуді қалай жоспарлап жатырсыз?
3. Осы сабақта келтірілген «Көшбасшы ететін факторлар» және «Көшбасшының қасиеттерін» зерттеңіз. Келесі сабақтың басында факторлар мен қасиеттерді жазуға дайын болыңыз.
4. Келесі сабақтың алдында Жохан 13:1—17 оқып шығыңыз. Осы үзіндіде көшбасшылық туралы не айтылатыны туралы жазыңыз.
SGC exists to equip rising Christian leaders around the world by providing free, high-quality theological resources. We gladly grant permission for you to print and distribute our courses under these simple guidelines:
No Changes – Course content must not be altered in any way.
No Profit Sales – Printed copies may not be sold for profit.
Free Use for Ministry – Churches, schools, and other training ministries may freely print and distribute copies—even if they charge tuition.
No Unauthorized Translations – Please contact us before translating any course into another language.
All materials remain the copyrighted property of Shepherds Global Classroom. We simply ask that you honor the integrity of the content and mission.