Кіріспе
Ғибадатхананың құрылысы басталды! Тек іргетасы тұрғызылды, бірақ бұл айтарлықтай жетістік болды. Халық тойлауға жиналды. Көбісі шаттанып айғайлап, Құдайды мадақтады. Бірақ қарттар іргетасты көргенде, олар жаңа ғибадатхананың бұрынғы ғибадатқана сияқты керемет болмайтынын түсінді. Олар есте қалған ұлы ғибадатхананың мәңгілікке жойылып кеткеніне қайғырып жылады. Көпшіліктің шуына қайғы мен қуаныш араласып кетті. Бұл үлкен өзгерістер уақыты болды және адамдар өзгерістің әртүрлі аспектілеріне әртүрлі қарады (Езра 3:10-13).