Қарым-қатынас күші
«Орнымен айтылған сөз күміс табаққа салынған алтын алмадай тамаша» (Нақыл сөздер 25:11). Уақытында дұрыс және жақсы айтылған сөз – өнер туындысы. Жақсы қарым-қатынас жасау - дамытуға болатын дағды.
Адамдар сіздің ақылдылығыңыз, сенімділігіңіз және қабілеттілігіңіз туралы сіздің қарым-қатынас жасау қабілетіңізден біле алады. Сіздің қызметтегі тиімділігіңіз басқаларға әсер ету қабілетіне байланысты.
Қызметтің көпшілігі қарым-қатынастан тұрады. Уағыздау, тәлім беру, ақыл-кеңес беру және жігерлендіру бәрі де қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Қызметшілердің көбісі жақсы шешен. Жақсы шешен емес адамның тиімді басшы болуы әдеттен тыс нәрсе.
► «Қалам қылыштан да күшті» деген ескі сөз бар. Бұл нені білдіреді деп ойлайсыз?
Физикалық күш тиімді түрде жеткізілетін идеяның күшімен сәйкес келе алмайды. Қару адамдарды бірдеңе жасауға мәжбүрлейді, бірақ идея олардың санасы мен жүрегін жаулап алады. Сондықтан кейбір үкіметтер сөз бостандығын шектейді.
► Студент топ үшін Жақып хаты 3:1—8 үзіндісін оқып берсін. Бұл үзіндіде қарым-қатынастың күші туралы не айтылғанын талқылаңыз.
Жақыптың хаты үзіндісі негізінен тілдің зиян келтіру мүмкіндігі туралы айтады. Қарым-қатынас күші игілік немесе зиян үшін пайдаланылуы мүмкін. Құдай Өзінің құтқару жоспарын жүзеге асыру құралы ретінде Киелі Рухтың күшімен берілген адами қарым-қатынасты таңдады.
Қарым-қатынастың күші болғандықтан, мәсіхші оны әрқашан мұқият пайдалануы керек. Сөйлеуші ретінде сіз мәсіхші этикасын ұстануыңыз керек. Әрқашан шындық жағында болыңыз. Өзіңіз сенбейтін нәрсені ешқашан насихаттамаңыз. Ешқашан адамдарға дұрыс емес нәрселерді айту немесе олар үшін маңызды болатын ақпаратты жасыру арқылы басқаруға тырыспаңыз.