Кіріспе
Кейбір адамдар Құдай үшін бәріміз бірдей маңызды болғандықтан, қауымда басшы болмау керек деп санайды. Көптеген адамдар көшбасшылыққа жақсы қарайтындарын айтады, бірақ іс жүзінде олар кез келген рухани биліктен босатылғандай әрекет етеді.
► Киелі Кітап қауымда басшы болу керек деп үйретеді ме? Мысал келтіріңіз.
Киелі Кітаптың көптеген жерлерінде қауымдағы көшбасшылық туралы айтылады.[1] (Кейбір мысалдар Еврейлерге 13:7, 17; Титке 1:5; Римдіктерге 12:8; Қорынттықтарға 1-хат 14:40; және Тімотеге 1-хат 5:17.)
Көшбасшылықты ықпал ету ретінде анықтау қауымдағы көшбасшылықтың рөлдерін көруге көмектеседі. Қауым өз мақсаттарына жету үшін, Құдай жетекшілерді белгілі қызметтерге шақырады және тағайындайды және оларға басқару мүмкіндігін береді.
► Студент топқа Ефестіктерге 4:11—12 үзіндісін оқып шықсын.
[2]Қауымдағы барлық қызметті бұл тізімге жатқызуға болмайды. Мысалы, музыкант немесе мадақтау тобының жетекшісі бұл қатарға кірмеуі мүмкін. Дегенмен, әрбір қызмет қауымның мақсаттарын орындауға бағытталуы керек.
Көшбасшының рөлі уағыздау, тәлім беру және Ізгі Хабар айтумен ғана шектелмейді. Қауымда қызметтер әлдеқайда көп. Қауымдағы адамдар күнделікті қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бірге жұмыс істейді. Адамдарды бау-бақшаға арналған жабдықтармен бөлісуге шақыратын адам қауымның мақсатын орындауға көмектеседі. Қауымдағы міндеттер қауымдағы қызметтерден тыс атқарылатын қызметті қажет ететіндігін көрсетеді.
“Мен Құдайдан көмек сұрайтынмын. Одан кейін мен Оған қалай пайдалы бола алатынымды сұрадым. Ақырында мені Өзінің ісіне пайдалануын өтіндім. ”
- Д. Хадсон Тейлор