Қызметтегі көшбасшылық
Қызметтегі көшбасшылық
Audio Course Purchase

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Lesson 13: Көшбасшылардың дамуы

1 min read

by Stephen Gibson


Көшбасшыларды басқаруға үйрету

Көптеген көшбасшылар өздерінің жеке харизмаларына негізделген ықпалға ие және осы ықпал олардан ары аттап шықпайды. Олар ұйымда болып жатқан барлық нәрселерді өздері басқарады. Олар көшбасшылық құрылымын дамытпайды және ортақ мақсат-аянды қолдайтын көшбасшыларды тағайындауды білмейді . Кейде олар өз ұйымын қатал бақылауда ұстағандықтан, мықты көшбасшылар сияқты болып көрінуі мүмкін, , бірақ олардың ұйымы белгілі бір деңгейден асып кете алмайды.

Ұйым көшбасшылары жақсармайынша ұйым жақсармайды. Ұйым көшбасшылар өз шегіне жеткен кезде шегіне жетеді. Басшылар өзін-өзі дамыту жолдарын таппайынша, ұйым өзін кеңейте алмайды.

Бір жас көшбасшы халықты басқарды. Ол толық билікке ие және ешкім онымен бәсекелеспейтініне сенімді болғысы келді. Мұны қалай жасау керектігін білу үшін ол ұзақ уақыт бойы бір ұлтқа диктатор болған қарт көшбасшыға барды. Ол былай деп сұрады: «Сізден билікті ешкімнің ешқашан тартып алмайтынына қалай сенімді болуға болады?» Екеуі арамшөп өсіп тұрған егістік алқапта бірге жүріп келе жатты. Қарт диктатордың қолында таяғы бар еді, олар арамшөптердің жанынан өтіп бара жатқанда, диктатор ең биіктерін таяғымен қағып өтті. Бірнеше минут қарап тұрған жас көшбасшы: «Түсіндім», - деді.

Кейбір көшбасшылар идеялары мен көшбасшылық қабілеті бар көмекшілерді қаламайды. Оларға тек олардың нұсқауларын орындап отыратын адамдар қажет.

Билікке, құрметке құмар, лауазымын жоғалтып алудан қорқатын басшылар өз орнын алмастыратын адамдарды оқытуға уақыт пен күш жұмсамайды.[1]

Бұл көшбасшылар жаңа көшбасшылар дамитын орта жасамайды, ол ортада бір ғана көшбасшы және оның көмекшілері бар. Ұйымда қосымша жетекшілерді қажет ететін бөлімдер мен бағдарламалар дамымайды. Көшбасшылық қабілеті бар жастар әдетте мүмкіндіктер іздеп, басқа ұйымдарға ауысады.

Жаңа басшылар екі мақсат үшін қажет: (1) болашақ басшылық лауазымдарына дайындалу және (2) ұйымды кеңейту.

Ұлы Ирод Римдіктер тағайындаған Яһудеяның билеушісі болды. Ол еврей емес еді, ел халқының көпшілігі оның билеуші ​​болуын қаламады. Ол әрқашан адамдар оны патшалықтан кетіруге тырысады деп күдіктенетін. Ол кейбір әйелдері мен ұлдарын күдіктеніп өлтірді. Оның орнына ешкімді дайындаған жоқ. Ол қайтыс болғаннан кейін оның ұлы патша болды, бірақ бұл жұмысты жақсы орындай алмағандықтан римдіктер оны алып тастады. Римдіктер Яһудеяға әкім қойды және Яһудеяда ешқашан басқа патша болған емес.

Мұрагерсіз қысқа мерзімді табыс - ұзақ мерзімді сәтсіздік. Егер басшы кеткеннен кейін ұйым жақсы жұмыс істей алмаса, басшы өз жауапкершілігін толық орындамаған.

Адам жоғарғы басшы лауазымына басшыға көмектесу арқылы ғана емес, басшы қызметін атқару арқылы дайындалады. Жоғарғы басшы ұйымда дамып келе жатқан, идеялары бар, әрекет ететін және шешім қабылдайтын көшбасшылардың болуын қалауы керек.

Ұйымның өсуі үшін жаңа көшбасшылар да әзірленуі керек. Ұйым қосымша басшыларсыз жаңа бағдарламалар әзірлей алмайды немесе кеңейе алмайды.

[2]Әлеуетті көшбасшылар үшін мүмкіндіктердің болуы маңызды. Егер ұйымда тек белгілі бір көшбасшылық лауазымдар болса және қосымша ешқандай басшылық лауазымы болмаса, ол ұйым кеңейе алмайды және әлеуетті көшбасшыларды сақтай алмайды. Мысалы, қауымдарда қызметке қатысып, жаңа қызмет ашқысы келетін адамдар бар. Оларға жетекшілік ету мүмкіндігі берілмесе, қауым қажетінше өспейді.

Жаңа көшбасшыларды дамытпаса, барлық шешімдерді тек жоғарғы көшбасшы ғана шеше алатын болады. Көшбасшы біреу ғана болғандықтан, мұндай жағдайларда адамдар оны көп күтіп қалады.

Мұса исраилдіктерді Мысырдан алып шыққаннан кейін жаңа лауазымға ие болды. Адамдар оған олардың арасындағы кез келген жанжалды шешу үшін келді. Көптеген қақтығыстар болды, өйткені жаңа жерде көп адамдар болды, оларда бекітілген заңдар немесе үлгілер болған жоқ. Етор Мұсаға келіп, оның күн сайын халықтың жанжалдарын шешуге көп уақыт жұмсайтынын көрді. Етор оған көптеген істерді шешу үшін әртүрлі деңгейдегі төрешілерді тағайындауға кеңес берді. Бұл әрекет нақты беделге ие көшбасшыларды бекітті.

Ізбасарларды тартуға көңіл бөлетін көшбасшыға әдетте көшбасшылық көмек жетіспейді. Ұйым көшбасшыларды тарту және дамыту арқылы ізбасарларды қоса алады және көбейте алады.

Көшбасшыларды дамыту тек жоғарғы басшының міндеті емес. Ұйымдағы әрбір басшы, әр деңгейде, тәлімгерлік және жауапкершілікті бөлісу арқылы айналасындағы адамдарды дамытуға көмектесуі керек.

► Неліктен күшті, өсіп келе жатқан ұйымға көп көшбасшы қажет?


[1]Ken Blanchard and Phil Hodges, The Servant Leader: Transforming Your Heart, Head, Hands, and Habits (Nashville: Thomas Nelson, 2003), 18
[2]

“Басшылықтағы әркім өзіне «Мен бұл нәрсені қалай дұрыс істей аламын?» деген сұрақты емес «Мен бұл нәрсенің әрқашан дұрыс істелуін қалай қамтамасыз ете аламын?» деген сұрақты қойсын”

- Флоренс Найтингейл