Кіріспе
3-сабақта біз жергілікті қауымның келесі анықтамасын үйрендік:
Жергілікті қауым – бұл Ізгі хабарды тарататын, барлық тәубеге келушілерге қауымның қарым-қатынасын ұсынатын рухани отбасы және сенім қауымдастығы ретінде қызмет ететін; шомылдыру рәсімі мен нан үзу рәсімін өткізетін; ғибадатта, қарым-қатынаста, Ізгі хабарды уағыздауда және шәкірттікте бірігетін; Киелі Рухтың дарындары арқылы Мәсіхтің денесінің жұмысын орындайтын; киелі кітаптық ілімге, рақым мен Рухтағы өмірге негізделген бірлікте Құдайдың сөзіне бағынатын сенушілер тобы.
Енді біз қауымдағы тәртіптің не екенін қарастырамыз.
Қауым тәртібінің анықтамасы
Қауым тәртібі – бұл қауым мүшесінің күнәсіне мақсатты түрде жауап беру. Оның төрт мақсаты бар: қауымның бірлігін қорғау, шындықты қорғау, қауымдастықты теріс әсерден қорғау және күнәһарды құтқарылу мен қарым-қатынасқа қайтару.
► Қауым мен қауым тәртібінің анықтамасына қайта қараңыз. Қауымның сипаттамасына қарап, оған тәртіптің не үшін қажет екенін түсіндіріңіз.