Кіріспе
Ондық тақырыбы кейбір қауымдарда қарама-қайшы пікірлер тудырады. Кейбіреулер ондықтың идеясы рақым арқылы құтқарылу іліміне сәйкес келмейді деп санайды және бұл құтқарылғандықтың ақысы іспетті дейді. Басқалары қауымды қаржыландыру үшін жауапкершілікті өз мойнына алғылары келмейді. Олар қанша қажет деп санаса соншалықты ақша және қашан қажет деп санаса, сол уақытта береді. Бұл сабақта біз ондықтың інжілдік негіздері мен тәжірибелік мақсаттарын қарастырамыз.
► Адамдар ондық бермеудің қандай себептерін айтады?