Алғашқы өнім мейрамынан кейінгі қауым
► Студенттердің бірі Елшіл. істері 2:42-47 дауыстап, топқа оқуы керек. Алғашқы өнім мейрамынан кейінгі қауым қарым-қатынасынан қандай нәрселерді байқадыңыз?
[1]Елшілердің істерінде Алғашқы өнім мейрамынан кейін көп ұзамай қауымның өмірі қалай өзгергеніне сипаттама берілген. «Барлық сенушілер бірге болды және оларда бар нәрсенің бәрі ортақ болды». Көптеген адамдар қауымның бірлескен өмірін қолдау үшін өздерінің дүние-мүліктерін сатты. Олар ғибадатханада ғибадат ету және үйде сөйлесу үшін жиі кездесетін.
Киелі Рухтың жұмысы оларда ең жоғары деңгейге жеткен кезде, қауымның қарым-қатынастағы өмірі күшейе түсті. Ертедегі сенушілер үшін қауымның бір бөлігі болу жексенбілік қызметтерге барудан гөрі үлкенірек нәрсені білдірді: олар күнделікті өмірлерін басқа мәсіхшілермен бірге өткізді.
«Жазбаларда да, сенім негіздерінде де мәсіхшілік қарым-қатынас – рақым құралы ретінде ұсынылған.»
- Уайли және Калбертсон,
Мәсіхшілік теологияға кіріспе