Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Audio Course Purchase

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Lesson 1: Жалғыз Құдай және бір ғана қауым

1 min read

by Stephen Gibson


Кіріспе

► Сіз қауымға не үшін барасыз?

Адамдар «қауымға бару» жайында сөйлескенде, көбінесе қауым ғимаратында жоспарланған қызметтерге бару туралы айтады.

Көптеген адамдар қауым жиналыстарына Құдай туралы көбірек білу үшін қатысатындарын мәлімдейді. Басқа, Құдайдан алыстап кеткендер, Құдайдың жандарында екенін сезіну үшін келетіндерін айтады. Құдайды білетін адамдар ғибадат кезінде Құдайдың сол жерде болуын сезінуге үміттеніп, қызметке келеді. Қауымда барлығы Құдаймен байланысты.

Сөзсіз, Құдайдың ғибадат қызметтерінде болуын сезіну керек, бірақ қауым – ғимарат емес; ол тек кездесулер мен ғибадат ету үшін ғана арналмаған. Бағышталған сенушілер тобы, осылар – қауым болып табылады. Сондықтан біз қауымға баратын адамдар туралы айтқанда, сенушілер тобын меңзейміз. Қауымда бәрі Құдаймен байланысты деп, біз ғимарат пен қызмет қана емес, сонымен бірге осы бағышталған сенушілер тобының өмірінің мәні де Құдаймен байланысты екенін айтамыз.

«Қауым» сөзінің шығу-тегі

Б.з. бірінші ғасырында ekklesia деген грек термині жиі қолданылды. Қалада адамдарды кеңеске жиналуға шақыратын хабарландыру естілгенде, бұл топтық кездесу ekklesia деп аталған.

Ekklesia – бұл Жаңа Келісімде «қауым» сөзін білдіру үшін қолданылатын сөз. Біз оны онда 117 рет кездестіреміз. Бірақ бұл сөз әрдайым қауым туралы емес, кейбір жағдайларда басқа жиналыстар туралы айтылған кезде де қолданылады (Елшіл. істері 19:32, 39 және 41).

Ізгі хабар тұрғылықты жеріне, нәсіліне, әлеуметтік мәртебесіне немесе кәсібіне қарамастан барлық адамдарға бағытталған. Кездесу туралы хабарландыру да қаладағы барлық адамдарға қолжетімді болғандықтан, адамдардың бірде-бір санаты Ізгі хабарды есту мүмкіндігінен айырылмаған.

Қауым – бұл Ізгі хабардың үндеуіне жауап беруді таңдаған адамдар тобы. Ол Мәсіхке және оның сенушілер қауымына бағышталған арнайы топты құрған адамдардың әртүрлі санаттарынан тұрады.

Шіркеудегі Құдай Әкенің орны

Үшбірліктің тұлғалары ‒ Әке, Ұлы және Киелі Рух – қауымдағы сенушілермен ерекше қарым-қатынаста болады.

Құдай қауымда жасаған істерімен мәңгі даңққа ие болады.

Оның даңқы қауымда Мәсіх Иса арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, мәңгілік арта берсін! Аумин. (Ефест. хат 3:21).

Қауым Құдайдың даңқы үшін өмір сүреді, сондықтан ол Құдайды қорлайтын және адамдарға Оның болмысы туралы дұрыс емес түсінік беретін немесе Құдайды емес, адамды асқақтататын нәрсені жасамауы керек.

Қауым – Құдайдың отбасы.

Сондықтан мүмкіндік барда барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істей берейік! (Ғалатт. хат 6:10).

Сонымен Құдайға мына іспетті мінажат етіп сиыныңдар: «Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін» (Матай 6:9).

Қауым – Құдайдың отбасы болғандықтан, егер адам Жаратқан Иеге сенбесе және Онымен қарым-қатынаста болмаса, адам қауымның нақты мүшесі бола алмайды. Адам көптеген адамдармен таныс болғандықтан емес, Құдаймен қарым-қатынасқа түсіп, содан кейін өзін Құдай адамдарымен қарым-қатынасқа арнау арқылы қауымның құрамдас бөлігі болады.

► Құдайдың – сенің Әкең екендігі нені білдіреді?

Мәсіхтің қауымдағы орны

Иса – қауымның негізін қалаушы, Ол оған жеңіс сыйлайтынын уәде етті.

[1]…Петір («Тас») болады. Осы іргетастың үстіне Мен Өзіме сенушілердің қауымын саламын. Оны өлімнің күштері де жеңе алмайтын болады (Матай 16:18).

Иса қауыммен бірге болатынын уәде етті.

...Мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын! (Матай 28:20).

Өйткені екі-үш адам Менің атымнан жиналса, Мен де сол жерде араларында боламын (Матай 18:20).

Иса – қауымның Басы, ал қауым – Оның әлемдегі денесі. Исаның қауыммен жеке қарым-қатынасы біз ойлағаннан әлдеқайда тереңірек.

Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым – Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады (Ефест. хат 1:22-23).

Біздер Оның рухани денесінің мүшелеріміз (Ефест. хат 5:30).

Қауымның мүшесі – Мәсіхтің денесінің бір мүшесі болып табылады. Сондықтан адам жеке Мәсіхке Құтқарушым деп сеніп, әрі Исаны Иесі ретінде қабылдамаса, қауымның шынайы құрамдас бөлігі бола алмайды.

► Мәсіхтің денесінің мүшесі деп кімді атауға болады?


[1]

«Матай жазған Ізгі хабарға сәйкес, Исаның «Менің қауымым» деген жеке мәлімдемесі – дұға, уағыз және тәртіпке негізделген қауымдастықты құрғысы келгенін көрсетеді. Ол шәкірттерін шақырып, барлық нәрсеге үйретті; көкке көтерілгеннен кейін оларды жетелейтін Киелі Рухтың келуін уәде етті».

Томас Оден,

«Рухтың жетелеуіндегі өмір»

Киелі Рухтың қауымдағы орны

Елшілердің істерінде біз ертедегі қауымның Киелі Рухқа кенелуі мен Оның күшін қаншалықты әсерлі бастан өткергенін көреміз. Ол рухтандырды, уағыз айтуға күш берді (Елшіл. істері 2:11), арнайы қызметке шақырды (Елшіл. істері 13:2), әр сенушіні қызмет ету үшін қажетті жерге бағыттады (Елшіл. істері 16:6-10), сонымен қатар ілімдік мәселелерді шешті (Елшіл. істері 15:28).

Киелі Рух – қауымның дүниежүзілік қызметін орындайтын ұлы билеушісі.

Адам құрған ешбір ұйым өз ресурстарына толықтай сүйене отырып, осындай көлемдегі тапсырманы орындай алмайды. Құдай қызметкерлерді шақырады және әр географиялық аймақтардың қажеттіліктеріне сай сол жерлерге жібереді.

Адам Киелі Рухтың көмегімен қайта туылу арқылы қауымның мүшесіне айналады. Бұл табиғаттан тыс тәжірибе болғандықтан, Киелі Рух сондай табиғаттан тыс жолмен Ізгі хабармен бөлісуге күш беріп, бағыттайды. Ізгі хабармен бөлісудің нәтижелерін табиғи себептермен түсіндіру мүмкін емес.

Қауымның өмірі - бұл Рухтағы өмір.

Ертедегі қауымда Киелі Рух ғибадатты бағыттаған. Ол әр түрлі адамдар – қауымдастық мүшелері арқылы сөйлеген (Елшіл. істер 4:30-31), сонымен бірге белгілі бір уақытта жоспарланған ғибадат бағдарламасын өзгерте алған.

Қауымдастықтың өмірі – бұл Рухтағы өмір, сондықтан да ол кез-келген адам құрған ұйымнан ерекшеленеді. Қауым мүшелері бір-бірімен қарым-қатынаста болады, өйткені олардың Құдаймен қарым-қатынасы және рухани өмірлері бар. Сенімге келмеген адам тіпті егер ол қауымды ұнатса да және оның қауымда достары болса да, бұл қарым-қатынастың құрамында бола алмайды.

Қауым мүшелері бір-біріне қызмет ете алулары үшін Киелі Рух дарындар сыйлайды (Қорынтт. 1-хат 12:4-7). Иерусалимдегі ертедегі қауымның алғашқы күндерінде бағышталу мен бірлік сондай күшті болған, оны қазіргі сенушілерге елестетудің өзі қиын. Адамдар бірге өмір сүру үшін қолда бар мүліктерін сатып, ақшаларын берген. Анания мен Зәпира өтірік айтқан кезде, олардың күнәлары Киелі Рухтың қауымда жасаған керемет жұмысын қорлағандықтан олар өлтірілген болатын (Елшіл. істері 4:32-35, 5:1-4).

Қауымның бірлігі Рухпен тығыз байланыста өмір сүру арқылы көрінеді.

Қауым (ғимарат емес, сенушілер тобы) «Құдайдың киелі үйі» деп аталады, өйткені Құдай Рухы онда ерекше өмір сүреді (Қорынтт. 2-хат 6:16). Мәсіхшілік бірлік орнаған [1]рухани киелі үйге зиян келтіретін әр адам қатты айыпталады (Қорынтт. 1-хат 3:16-17).

► Киелі Рухтың жетелеуімен өмір сүрем деп мәлімдеп, бірақ ұрыс-керіс пен бөлінуді себетін адамға не дер едіңіз?


[1]

«Мәсіх бар жерде католиктік [бүкіләлемдік] қауым да бар».

Игнатий, «Смирнандарға жолдау»

сондықтан ол әлемге Иеміздің іс жүзінде қандай екенін көрсетеді

Қауым адамдарға Құдайды ұмытпауға, Оған назар аударуға және Иеміз жасаған өзгерістерді сезінуге көмектеседі.

Қауымды Құдай жаратқан. Жер бетіндегі кез-келген нәрседен гөрі, қауым – Құдайды жақсы көретін адамдармен Құдайдың еркі орындалатын жер, сондықтан ол әлемге Иеміздің іс жүзінде қандай екенін көрсетеді.

► Қауымды көргенде адамдар Құдай туралы нені білуі керек?

Қауымға қарап, адамдар Құдайдың сүйіспеншілікке толы және мейірімді екенін, Оның адамдарға қамқорлық жасап, оларды кешіретінін, шындықты қолдайтынын, уәделерін орындайтынын және күнәһарларды жақсы көретінін, бірақ күнәні жек көретінін көруі керек.

► Қауымның мәні – Құдай екенін есте ұстай отырып, біз қандай қателіктерді жібермеуіміз керек?

Ғибадат

Қауым Құдай үшін бар, сондықтан ғибадат Құдайға бағытталуы керек. Ғибадат жетекшілерге немесе орындаушыларға бағытталған кезде, ол адамға бағытталған болады, ал бұл – жалған тәңірлерге табынушылық. Дұрыс емес ғибадат тән құмарлықтарына бағытталып, белгілі бір адамдарды мадақтайды және Құдайдың емес, адамның қалауын қанағаттандыруға шақырады. Мұндай ғибадат жын-перілерге табыну қаупін тудырады, өйткені ғибадат етушілер Құдайдан емес сезімдер мен рухтарға бағынады.

Бір бүкіләлемдік қауым

► Студенттердің біріне дауыстап Ефест хат 4:1-6 оқуды ұсыныңыз. Бұл үзіндіде қауымның қандай негізгі қасиеті туралы айтылады?

Пауыл біртұтас қауымның сақталуы үшін сенушілерді бірлікке шақырды. Бір ғана Құдай мен бір Ізгі хабардың бар болғаны сияқты, барлық шынайы мәсіхшілер – бір дененің мүшелері. Бір ғана мәсіхшілік пен бір ғана қауым бар, өйткені Құдай – біреу.

Тек бір бүкіләлемдік қауымның бар екендігі Қорынтт. 1-хат 12:13-те айтылған, онда Пауыл тәубеге келген барлық басқа ұлт адамдары бір дененің мүшесі болатынын айтады.

Сенім белгісі – бұл мәсіхшілік сенім негіздерінің ұстанымы. «Елшілік сенім» деп аталатын ертедегі мәсіхшілік сенім белгісі: «мен католик қауымына сенемін» деген ұстанымды қамтиды. Бұл сенім белгісіндегі «католик» сөзі Рим-католик қауымына қатысты емес; ол «бүкіләлемдік» немесе «аяқталған» деген мағынаны білдіреді. Бұл сенім белгісі бүкіл жер бетіндегі мәсіхшілер бір қауымның өкілдері екенін айтады.

Студенттердің біріне дауыстап Ефест хат 2:20 оқуды ұсыныңыз.

Қауым – елшілер мен пайғамбарлар бізге көрсеткен қызмет пен шындықтағы; құтқарылу және Иса Мәсіхтегі жалғасатын өмір туралы қызметтегі біртұтас негізде құрылады. Бір ғана негіз бен бір ғана қауым бар.

Қытайда «Шығыс сәулесі» деп аталатын дін бар. Оның ізбасарлары Исаның жұмысы аяқталып, Құдай қазіргі әлемге тағы бір мәсіхті – жаңа ілімдерді жариялаушы қытайлық әйелді жіберді деп санайды.

► Шығыс cәулесінің дін өкілдеріне қандай жауап бере аламыз?

Бүкіләлемдік қауымның бірлігі – бір ұйым болу керек дегенді білдірмейді. Бүкіл әлемдегі қауымдарға арналған Құдайдың мақсатын орындауға ешбір қауымдастықтың күші жетпейді. Қызмет барысында Иса шәкірттеріне барлық мәсіхшілер бірге бір ұйымда болатынын күтпеулерін ескерткен (Марқа 9:38, 39).

Рим-католик қауымы өзін толықтай Құдайдың қауымы деп жариялайды; мормондар мен Иегова куәгерлері де өздері туралы осылай айтады.

► Өзінің ұйымын жердегі жалғыз және аяқталған Құдайдың қауымы деп жариялайтын адамға не айтар едіңіз?

Жергілікті қауымның бүкіләлемдік қауымға есептілігі

Жергілікті қауым тәуелсіз мәсіхшілік ілімдерді дамыту құқығын өзіне алмауы керек. Өз хабарларының бірінде сенушілерге тәлім бере отырып, Пауыл «Құдайдың барлық қауымдарында» осылай болуы керектігін айтты (Қорынтт. 1-хат 11:16). Елші қауымға сөзін арнап, кейбір қызметкерлерді қабылдаулары керек екенін айтты, өйткені олар басқа қауым өкілдері болған (Қорынтт. 2-хат 8:23-24). Ол қауымның барлық басқа қауымдардан өзгеше ілімдерді ұстануына жол бермеу керектігін атап өтті.

Рухани дарындармен баталанған Қорынт қауымының мәсіхшілері – өздерін басқа біреуді тыңдауды қажет етпейтін тәуелсіз қауымдастық ретінде қарастыра бастады. Пауыл олардың Құдай сөзінің бастапқы көзі емес екенін: сөз басқалардан келгенін және олар үшін ғана арналмағанын еске сала отырып, олардың түсініктері мен іс-әрекеттерін өзгертті (Қорынтт. 1-хат 14:36). Содан кейін ол қауымдағы рухани сезімтал адамдар оның нұсқауларын Құдайдың рухтандырғанын көретінін атап өтті.

Жергілікті қауым өзін-өзі қамтамасыз етуі керек және өзін-өзі басқаруы керек. Сонымен бірге ілімдік тұрақтылықты сақтау, оқу ресурстарын алу және дүниежүзілік қызметтің келешегін түсіну үшін бүкіләлемдік қауыммен қарым-қатынаста болуы қажет.

Бүгінгі таңда әртүрлі ілімдері бар көптеген қауымдар бар және олардың барлығы Киелі кітапты ұстанатындықтарын айтады. Бүкіләлемдік қауымға есептілік – барлық қауымдар бір-біріне ұқсас болуы керек дегенді білдірмейді, бірақ олар жаңа келісім қауымының басында қалыптасқан ілімдерді ұстануы керек. Қауым – оның есептілігін қамтамасыз ететін қандай да бір қауымдастықтың құрамында болуы керек.

Ілімдік тұрақтылықты сақтау үшін жергілікті қауым үш құрамдас бөлікті ұстануы керек:

1. Киелі кітаптың абсолюттік билікке ие екеніне сену

2. Тарихи мәсіхшіліктің іргелі ілімдерін ұстану

3. Шынайы теологияны ұстанатын қауымдар қауымдастығымен қарым-қатынаста болу

Енді біз екінші тармақты қарастырамыз (қауым бірлестіктері туралы ақпарат басқа сабақтың материалында берілген).

Жергілікті қауым ертедегі сенім белгілерінде жазылған жаңа келісім қауымының негізгі мәсіхшілік ілімдеріне қайшы келетін қағидаларды қабылдамауы керек. Елшілік сенім белгісі, Никей сенім белгісі және Халкидондық сенім белгісі – мәсіхшіліктің қалыптасу кезеңінде мәсіхшіліктің ажырамас бөлігі болған ілімдерді растайды. Оларға Үшбірлік, Мәсіх пен Киелі Рухтың құдайлық болмысы туралы ілімдер кіреді. Егер қауым осы сенім белгілерінің ілімдерін қабылдамаса, онда ол өзін мәсіхшілік деп атамауы тиіс, өйткені бұл жағдайда ол басқа дінге айналады.

Никей сенім белгісі

Мен Жалғыз Құдайға, Құдіреті шексіз Әкеге, көк пен жерді, барлық көрінетін мен көрінбейтіннің Жаратушысына сенемін.

Және Жалғыз Иеміз Иса Мәсіхке, Құдайдың Ұлына; Әкеден туған, Құдайдан Құдай, Нұрдан Нұр, шынайы Құдайдан шынайы Құдай, туылған, жаратылмаған; Әкемен бірге болған; Ол арқылы бәрі жаратылған; біз, адамдар үшін және біздің құтқарылуымыз үшін көктен түсіп, Мәриямның Киелі Рухы арқылы дүниеге келіп, адам болып туылған; Понти Пилаттың кезінде біз үшін айқышқа шегеленіп, азап шеккен және же рленген; Жазбаға сәйкес үшінші күні қайта тірілген; көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына жайғасқан; өлілер мен тірілерді соттау үшін зор салтанатпен қайта келе жатқанға сенемін, Оның патшалығының соңы болмайды.

Киелі Рухқа, Өмір беруші Иеге, Әке мен Ұлынан келген, Әкемен және Ұлымен бірге мадақталып, даңқталатынға; пайғамбарлар арқылы сөйлейтінге; Және біртұтас Католик және Апостолдық Қауымға сенемін; Күнәлар кешірілу үшін бір шомылдыру рәсіміне; өлгендердің қайта тірілуіне және мәңгілік өмірге сенемін. Аумин.

Ал егер адам Никей сенім белгісіндегі қандай-да бір ұстаныммен келіспесе ше? Қауым құрылғаннан бері осы ілімдерді ұстанды және егер адам олардың біреуін қабылдамаса, онда ол 2000 жыл бойы қауым білмеген ақиқатты түсінетінін мәлімдейді. Егер қауым немесе қандай да бір адам Елшілік сенім белгісі, Никей сенім белгісі және Халкидондық сенім белгісіндегі ілімдерді ұстанбайтын болса, онда олардың ілімдеріне сенуге болмайды. Өйткені бұл сенім белгілерінің ілімдері Ізгі хабарды қолдайды; егер адам осы сенім белгілерінде жазылған ілімдерді қабылдамаса, оның ілімі Ізгі хабарға қайшы келеді.

► Өзінің мәсіхші екенін мәлімдейтін, бірақ Никей сенім белгісінің қандай да бір ұстанымымен келіспейтін адамға не айтар едіңіз?

Төменде келтірілген жеті ұстаным осы сабақтың негізгі пункттері болып табылады. Бұл сабақтың мақсатыстудентті оларды түсінуге жетелеу.

Жеті қорытынды ұстаным

1. Жергілікті қауым – бұл өздерін белгілі бір жерде қауым болуға арнаған сенушілер тобы.

2. Қауым әлемге Құдайдың болмысын көрсетеді.

3. Рухтың жетелеуімен өмір сүру деген – қауымның бірлікте өмір сүруі.

4. Қауымдағы мүшелік Құдаймен қарым-қатынасқа және сенушілер тобына арнауға негізделген.

5. Мәсіхшілікті ұстанатын бір бүкіләлемдік қауым бар, өйткені қауымның мәні – тек Құдай.

6. Ешбір адам құрған ұйым – Құдайдың жердегі толыққанды қауымы бола алмайды.

7. Жергілікті қауым бүкіләлемдік қауымның негізгі тарихи ілімдерін ұстануы керек.

Тапсырмалар

1. 1-сабақ бойынша Жеті қорытынды ұстанымды есте сақтау керек. Студенттер жеті қорытынды ұстанымның әрқайсысына (барлығы жеті абзац) түсініктеме жазып, олардың мәні мен маңыздылығын тақырыппен таныс емес адамдарға түсіндіре алатындай етіп жеткізулері керек. Жазбаша жұмыс келесі сабаққа дейін жетекшіге тапсырылуы тиіс. Талқылау кезінде жетекші сұраса, студенттер топқа белгілі бір пункттер бойынша орындалған тапсырмалардың нұсқаларымен бөлісуге дайын болу керек. Келесі сабақтың басында студенттер есте сақтау қабілеті бойынша, жеті қорытынды ұстанымды жазу керек.

2. Бұл курс барысында, студент сабақты немесе сабақтың бір бөлігін топтан тыс адамдарға, әр түрлі материалдармен үш рет сабақ өткізуді жоспарлауы керек. Студент сабақ өткізуге материалдарды таңдай алады. Сабақты өткізген сайын студент бұл туралы жетекшіге есеп беруі керек.

Next Lesson