Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Қауымның ілімдері мен тәжірибелері
Audio Course Purchase

Search Course

Type at least 3 characters to search

Search through all lessons and sections in this course

Searching...

No results found

No matches for ""

Try different keywords or check your spelling

results found

Lesson 3: Жергілікті қауым

1 min read

by Stephen Gibson


Жергілікті қауымның анықтамасы

► Жергілікті қауым дегеніміз не? Ол кез-келген басқа адамдар тобынан несімен ерекшеленеді?

Жергілікті қауымның бұл анықтамасын сабақта әрі қарай түсіндірілетін жеті негізгі элементке бөлуге болады.

Жергілікті қауымның бұл анықтамасын

[1]Жергілікті қауым – бұл Ізгі хабарды тарататын, барлық тәубеге келушілерге қауымның қарым-қатынасын ұсынатын рухани отбасы және сенім қауымдастығы ретінде қызмет ететін; шомылдыру рәсімі мен нан үзу рәсімін өткізетін; ғибадатта, қарым-қатынаста, Ізгі хабарды уағыздауда және шәкірттікте бірігетін; Киелі Рухтың дарындары арқылы Мәсіхтің денесінің жұмысын орындайтын; киелі кітаптық ілімге, рақым мен Рухтағы өмірге негізделген бірлікте Құдайдың сөзіне бағынатын сенушілер тобы.

Төменде осы анықтамаларға түсініктемелер берілген.

► Төмендегі әр сипаттаманың қауым үшін неліктен қажетті екенін талқылаңыз. Қауымда бұл сипаттамалар болмаса, қандай нәтиже болар еді?

Жергілікті қауым – бұл рухани отбасы және сенім қауымдастығы ретінде қызмет ететін сенушілер тобы...

қауым – бұл қарым-қатынасы басқа қауымдастықтарға қарағанда күштірек мәсхшілік сеніммен құрылған топ.

…Ізгі хабарды тарататын және барлық тәубеге келушілерге қауымның қарым-қатынасын ұсынатын…

қауым этникалық топтарды немесе халықтың белгілі бір топтарын өз қалауы бойынша қарым-қатынастан шығарып тастап, Ізгі хабарға адал бола алмайды. Кез-келген ұстаным бойынша жалпы біркелкілікке ұмтылудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, қауым, егер ол Ізгі хабарға адал болса, белгілі бір күнәларды кешіруден бас тарта алмайды.

…шомылдыру рәсімі мен нан үзу рәсімін өткізетін…

Иса қауымға осы рәсімдерді орындау туралы бұйрық берді. Шомылдыру рәсімі – тәубеге келу арқылы қауымға қосылуды білдіреді. Нан үзу рәсімі – бізге Ізгі хабар арқылы көрсетілген рақымды бейнеледі.

[2]…ғибадатта, қарым-қатынаста, Ізгі хабарды уағыздауда және шәкірттікте бірігетін…

бұл қауымның негізгі мақсаттары. Осы маңызды мақсаттарға жету үшін өзара ынтымақтастық қажет.

…Киелі Рухтың дарындары арқылы Мәсіхтің денесінің жұмысын орындайтын…

қауымның рухани міндеттері тек адамның қабілеттеріне негізделе алмайды.

…Құдайдың сөзіне бағынатын…

қауым Киелі кітап пен Ізгі хабарға, ілімдер мен билікке тәуелді. Егер қауым Киелі кітапқа бағынбауды таңдаса, онда ол ілімдегі беделін жоғалтады.

…киелі кітаптық ілімге, рақым мен Рухтағы өмірге негізделген бірлікте…

қауым мүшелері өздерін бір-біріне арнай алады, өйткені оларда осы үш нәрсе бар. Осы үш нәрсесіз шынайы қауымның болуы мүмкін емес.


[1]

«Сенушілер тек Құдаймен жеке қарым-қатынаста бөлек емес, бірақ бір халық ретінде бірлікте өмір сүруге шақырылған».
Томас Оден, «Рухтың өмірі»

[2]

«Мәсіхтің көрінетін қауымы – бұл Құдайдың таза сөзі уағыздалатын және Мәсіхтің бұйрығына сәйкес қасиетті рәсімдер дұрыс орындалатын адал адамдардың қауымдастығы…»

Методист қауымының діні туралы мақала

Құдайдың қауымға салған инвестициясы

► Студенттердің біріне дауыстап Ефест. хат 3:1-10 оқуды ұсыныңыз. Пауыл өзінің қызметі туралы не айтты?

Пауыл өзінің қызметінің маңызды бөлігі қауымның мәнін түсіндіру екенін айтты және біз мұның бүгінгі күнде де маңызды екенін түсінуіміз керек. Құдай тәубеге келген басқа ұлт адамдары қауымға қосылып, Құдайдың даналығын әлемге ашады деп жоспарлады.

Қауым – ғимарат емес екенін ұмытпауымыз керек. Алғашқы мәсіхшілерде қауым ғимараттары болған жоқ; бұл Жаңа Келісімде қауым деп адамдар туралы айтылғанын білдіреді.

Ефестіктерге арналған хат қауымның Құдай жоспарында қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді.

...Құдай бұлардың бәрін Мәсіхке бағындырып, Оны барлығынан да жоғары қойып, сенушілер қауымының Басы етті. Ал қауым – Мәсіхтің рухани денесі. Мәсіх бүкіл әлемді Өзімен толтырғаны сияқты, қауымды да толтырады (Ефест. хат 1:22-23).

Бұл аятта Иса қауымның – басы және қауым – Оның денесі екендігі айтылған; сонымен қатар қауымның Құдайдың толыққандылығына ие екендігі баса айтылған.

Үлкен қаланы сумен қамтамасыз ететін өзенді елестетіп көріңіз. Миллиондаған адамдар суды пайдаланады, бірақ пайдаланылатын мөлшер өзендегі бар судан қарағанда аз. Осы өзенде қаншалықты су мөлшері бар екенін елестету қиын.[1]

Бірақ Құдайдың толыққандылығы қандай? Егер Құдай Өзінің жарылқауларын, рақымы мен күшін бүкіл әлемге төгу үшін арна немесе контейнер жасаса, Құдайдың толыққандылығын қандай сыйымдылық сыйдыра алар еді? Бұл аят қауымның Құдайдың әлемге деген жарылқауларын сыйдыратын осы контейнер екенін көрсетеді.

Және Құдайдың жарылқауларын сыйдыратын қауым – ғимарат емес, мәсіхшілік қарым-қатынаста болатын адамдар тобы екенін ұмытпаңыз.

Құдайдың қауымға деген жоспары әлемнің басынан бері болған. Сонда Құдайдың қандай мақсаты болды?

Ефест. хат 3:9-11 қараңыздар.

…Құдайдың мұндағы ниеті — Өзінің жан-жақты даналығын көзге көрінбейтін дүниедегі билеушілер мен өктемдік иелеріне енді сенушілер қауымы арқылы ашып мәлім қылуы. Бұл Құдайдың Иеміз Мәсіх Иса арқылы іске асырған мәңгілік мақсатына сәйкес еді.

Жан-жақты дегеніміз - “барлық түрді” білдіру. Құдайдың әр жағдайға және өмірдің әр аспектісіне қатысты даналығы бар. Құдайдың даналығын ғалам, оның ішінде рухани әлем, Құдайдың қауымда жасаған істері арқылы көрсету керек. Адам Құдай туралы түсінікке ол қауымда көрген нәрселер арқылы ие болады. Адам қауымды көргенде, оның Иемізге табынуға деген ниеті ашылу керек. Ол қауымның қызметінде көрген Құдайдың даналығына сүйсінуі керек. Әлем мұның бәрін жексенбілік ғибадаттарда емес, қауымның күнделікті іс-әрекеттерінде және нақты өмірлік жағдайларда көреді.

► Құдайдың даналығы қандай өмірлік жағдайларда маңызды?

Құдайдың «жан-жақты» даналығы қаржылық, отбасылық мәселелерді, жұмыссыздық, баспана, нашар білім, жасөспірімдер қылмысы, тасталған балалар, денсаулық бойынша мәселелерді және адам өмірінің басқа да аспектілерін қамтиды ма? Әрине, қамтиды. Әлем Құдайдың даналығын қалай көре алады? Бұл қауым арқылы Құдайдың сенім қауымдастығының тәжірибелік өміріндегі мәселелерді шешуі арқылы көрінуі керек.

► Студенттердің біріне дауыстап Ефест. хат 3:20-21 оқуды ұсыныңыз.

Құдай жаратқан барлық нәрсенің мақсаты – Оны мадақтау. Қауымда Құдай ерекше мадақталады, өйткені онда Ол өзінің сүйіспеншілігі мен құтқаруын көрсетеді. Бұл жерде Ол жаратқан және Оның бейнесіндегі жаратылысы өз еркімен ғибадат етіп, Оған мойынсұнады; бұл сенім отбасы Құдайдың батасын алған өмірді бейнелейтін және құтқарылған адамдар Ізгі хабар арқылы басқаларды құтқаруға қатысатын орын.

Құдай барлық жерде және қауым қазір істеп жатқан нәрсе арқылы мәңгі даңқталады. Сіздің жергілікті қауымыңыз жасап жатқан жұмыс Құдайдың даңқына мәңгілік ескерткіш орнатады.


[1]Тағы бір мысал: «Карбонит» компаниясы бар, ол дербес компьютерлерде сақталатын жеке ақпараттың мұрағатын жасайды. Сіздің компьютеріңіздегі барлық деректер олармен бірдеңе болып қалған жағдайда да сақталады. Компаниядағы мыңдаған компьютерлердің ішіндегі деректерді сақтау үшін қанша сақтау орны болуы керек екенін елестетіп көріңізші!

Жергілікті қауымның жеткіліктілігі

Киелі кітапта тек бір бүкіләлемдік қауым туралы ғана емес, сонымен бірге жергілікті қауымдар туралы да айтылады. Мысалы, Елші Жохан Азияның жеті қауымдарына арнап хат жазды (Аян 1:4). Пауыл «Құдайдың барлық қауымдары» туралы айтқан (Қорынтт. 1-хат 11:16).

Жергілікті қауым біртұтас қауымның құрамына кіреді, бірақ қауым деп те атайды. Жаңа Келісімдегі көптеген хаттар белгілі бір жерлерде орналасқан қауымдарға арналған.

► Құдайдың рухани үйі деп бүкіләлемдік қауым аталған ба, әлде жергілікті қауым ба?[1]

Пауыл Ефест. хат 2:20-21-де елшілік негізде бекітілген біртұтас қауым – Құдайдың рухани үйі екенін атап өтті. 22 аятта Ол Ефестік сенушілер Құдайдың тұратын мекені екенін, ал Қорынтт. 1-хат 3:16-да Қорынттықтардың Құдайдың киелі үйі екенін айтты. Бұдан шығатыны, бүкіләлемдік қауым – жергілікті қауым сияқты Құдайдың киелі үйі.

► Қандай қауымды – бүкіләлемдіктіні ме, әлде жергіліктіні – Мәсіхтің денесі деп атауға болады?

Пауыл біртұтас қауымды денемен салыстырды (Ефест. хат 1:23), алайда елші Қорынт қауымына: «сендер Мәсіхтің рухани денесісіңдер» деді (Қорынтт. 1-хат 12:27). Ол Қорынт қауымы рухани дененің қандай-да бір мүшесі демеді, өйткені ол қауым сол аймақтағы Мәсіхтің толыққанды денесі болған.

Құдай әр қауымдастықтың өз аймағында аяқталған қауым ретінде жұмыс істеуін және сол аймақ үшін Мәсіхтің денесі болу үшін барлық қажетті ресурстарды пайдалануын қалайды.

Пауыл қауым мүшелерін дененің мүшелерімен салыстырды: көз, аяқ, қол; қауымның жұмыс істеуі үшін олардың бір уақытта бір жерде болу керектігі анық. Пауыл Қорынт қауымы дененің бір мүшесі ғана, ал басқа мүшелер бүкіл әлем бойынша таралған деп айтқан жоқ: Қорынт қауымы бұл аймақ үшін Мәсіхтің толыққанды және толық денесі болды.

Пауыл Қорынттықтарға «бүкіл қауым бір жерде жиналған кезде» белгілі бір әрекеттерді орындау керектігі туралы жазды. Ол бүкіләлемдік қауым туралы емес, жергілікті қауым туралы айтқаны анық. Жергілікті қауымдастық қауым сияқты жұмыс істеген кезде ерекше күшке (билікке) ие болады.

Құдай жергілікті қауымға қызмет ету үшін қажетті рухани дарындар береді; қауым мүшелері оларды қауымдастықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бірге жұмыс істей отырып, пайдаланады.

Жергілікті қауымдастық Мәсіхтің денесі, Құдайдың киелі үйі және қауым болып табылғандықтан, бұл оның белгілі бір жерде қауым болуы үшін жеткілікті.

Жергілікті қауымның жеткіліктілігі деген – Мәсіхтің денесі дәл осы жерде қызмет ету үшін барлық қажетті дарындар мен ресурстарға ие екенін білдіреді. Жергілікті қауымдастық қосымша көмек көздері болмаса да, қауым ретінде тиімді жұмыс істей алады. Жетекшілер қауымға қызметтің аяны мен мақсаттарын дамытуға көмектеседі, ал қауымдастық өзін қаржылай қамтамасыз ету және қауым мүшелеріне қамқорлық жасау үшін бірге жұмыс істейді.


[1]

«Қауымның барлық ажырамас элементтері оның алғашқы төрт жақты сипаттамасында эмбриондық түрде бар [Елшіл. істері 2: 42]: елшілік ілім, қауымдастық, рәсімдер және бірлескен ғибадат».

Томас Оден, «Рухтың өмірі»

Қауымның қажеттілігі

Жаңадан сенімге келгендерді қауымдық өмірге ортақтастырмай, сақтап қалу қиын. Жергілікті қауымда қалыптасу болмаған жағдайда сенушіге сапалы тәлім беру және оны бағыттау мүмкін емес; жергілікті қауымда жинайтын тәжірибесіз адамды қызметке дайындау да мүмкін емес.

Егер қауым болмаса, Ізгі хабардың нәтижесін көру мүмкін емес. Оның нәтижесі – қауым ғимараты емес, өмірін Құдаймен қарым-қатынаста көрсететін сенім отбасы. Егер қауым болмаса, әлем мәсіхші болу дегеннің не екенін көре алмайды; біз қауым жоқ жерлерде тиімді уағыз айта алмаймыз.

Жеті қорытынды ұстаным

1. Тәубеге келген адамды этникалық, әлеуметтік қатыстылығына немесе өткен күнәларына байланысты қауымнан шығаруға болмайды.

2. Қауымның мақсаттарына Рухтың қауымды пайдалана отырып, жұмыс істеуі арқылы жетуге болады.

3. Қауымның бірлігі киелі кітаптық ілімге, рақым мен Рухтағы өмірге негізделген.

4. Құдайдың қауымда істейтін істері арқылы әлемге Құдайдың даналығы көрінеді.

5. Жергілікті қауымның жеткіліктілігі – жергілікті қауымдастықтың денесінің орналасқан жерінде қызмет етуі үшін барлық қажетті дарындары мен ресурстары бар дегенді білдіреді.

6. Қауым сенімге жаңадан келгендерді сақтау, сенушілерге тәлім беру және оларды қызметке дайындау үшін қажет.

7. Қауым жоқ жерде Ізгі хабарды тиімді уағыздау мүмкін емес.

Тапсырмалар

1. 3-сабақ бойынша Жеті қорытынды ұстанымды есте сақтау керек. Студенттер жеті қорытынды ұстанымның әрқайсысына (барлығы жеті абзац) түсініктеме жазып, олардың мәні мен маңыздылығын тақырыппен таныс емес адамдарға түсіндіре алатындай етіп жеткізулері керек. Жазбаша жұмыс келесі сабаққа дейін жетекшіге тапсырылуы тиіс. Талқылау кезінде жетекші сұраса, студенттер топқа белгілі бір пункттер бойынша орындалған тапсырмалардың нұсқаларымен бөлісуге дайын болу керек. Келесі сабақтың басында студенттер есте сақтау қабілеті бойынша, жеті қорытынды ұстанымды жазу керек.

2. Бұл курс барысында, студент сабақты немесе сабақтың бір бөлігін топтан тыс адамдарға, әр түрлі материалдармен үш рет сабақ өткізуді жоспарлауы керек. Студент сабақ өткізуге материалдарды таңдай алады. Сабақты өткізген сайын студент бұл туралы жетекшіге есеп беруі керек.

3. Жазбаша тапсырма: Ефест. хат 5:25-32 қарап шығыңыз. Мәсіх пен қауымның қарым-қатынасы туралы бірнеше сөйлем жазыңыздар.

Next Lesson