Исаның нұсқаулары
► Студенттердің біріне дауыстап Лұқа 10:1-9 оқуды ұсыныңыз. Иса шәкірттерін қызметке жіберген кезде оларға қандай ерекше нұсқау берді?
Шәкірттері Ізгі хабарды Иса жіберген көптеген ауылдарда бірінші болып уағыздады. Мәсіхтің шәкірттерін қамтамасыз ете алатын барлық ресурстары мен күші болды. Ол оларға қажеттінің бәрін сатып алуға және басқа адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті ақша беретін; өздері үшін және уағыздайтын адамдары үшін нан мен балықты көбейте алатын; олар барған кез-келген елді мекенді тамақпен қамтамасыз ете алатын күш бере алды.
Бірақ Иса оларды ақшасыз жіберіп, адамдардың көмегіне тәуелді болатынын айтты. Шәкірттер Исаның нұсқауларына құлақ асып, нәтижесінде ешқандай мұқтажтық көрмеді[1].
► Неліктен Мәсіх дәл осындай әдісті таңдады?
Шәкірттердің қызметі қажетті адамдарды тартты. Олар Ізгі хабарды бірінші болып уағыздағандықтан, Ізгі хабарға қызығушылық танытқан адамдар келе бастады. Шәкірттердің қажеттіліктері болғандықтан, оларға көмектескісі келетін адамдар пайда болды. Нәтижесінде олар қауымның бастамасына ең жақсы адамдарды жинады.
Егер шәкірттер ауылдарға қажеттінің бәрімен барып, оларға керек нәрселерді бере бастағанда не болар еді? Олар дұрыс емес адамдарды тартатын еді. Олар тек бір нәрсе алғысы келетін адамдарды жинайтын еді. Осыдан кейін, қызмет – тарату жалғасқан жағдайда ғана дами алар еді, сонымен қатар беретін ештеңе болмаса, өсе алмайтын еді. Оларға ешкім тегін көмектесе алмайтын еді және қауымның бастамасы үшін адамдар тобы да болмас еді.
Иса оларға ұсынған әдіс қауымның бастамасы бола алатын топты жинады. Олар Ізгі хабарды таратуға және көмектесуге дайын адамдар болды. Қауымның бастамасының дұрыс болғаны маңызды.